Ғылыми кеңестің 2020 жылдың қорытындысы бойынша отырысы

You are here

 
2020 жылғы 21 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институтының директоры Сәрпеков Рамазан Құмарбекұлының төрағалығымен Ғылыми кеңестің отырысы өтті.
Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтын (бұдан әрі - Институт) дамытуға және заң жобалау қызметін ғылыми қамтамасыз етуге қосқан елеулі үлесі үшін Ғылыми кеңестің шешімімен бас ғылыми қызметкер, заң ғылымдарының докторы, профессор Саттар Мұқанұлы Рахметовке, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің хатшысы, заң ғылымдарының докторы, профессор Светлана Федоровна Бычковаға Институттың құрметті профессоры атағы берілді.
Отырыста ғылыми мақалаларды екіжақты жасырын рецензиялауға қатысатын «Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналының сыртқы рецензенттерінің сапалы жұмысы атап өтілді. Одан әрі жемісті ынтымақтастық тілей отырып, оларға алғыс хаттар жолданды.
А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі, докторант Д.С. Батырбекованың ғылыми баяндамасы тыңдалды. Ғылыми кеңесшісі – з.ғ.к., доцент С.К. Укин. Рецензент ретінде Институттың аға ғылыми қызметкері, PhD К.Қ. Сабыров сөз сөйледі. Ғылыми баяндама бойынша оң пікірлер алынды және ұсыныстар берілді.
 
 
2020 жылға арналған іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер бағдарламаларының орындалу қорытындылары тыңдалды және талқыланды. 2021 жылға арналған іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер бағдарламалары бекітілді.
Ғылыми кеңес жұмысының қорытындылары қаралып, оның 2021 жылға арналған жоспары бекітілді.
Ғылыми кеңес төрағасы Р.Қ. Сәрпеков Институттың 2020 жылғы Ғылыми-зерттеу және заң жобалау жұмыстары жоспарының орындалуын қорытындылады. Жұмыс көлемінің шектелген карантиндік шаралар жағдайында сандық мәнде өскені байқалды. Ғылыми қызметті дамытудың, әріптестермен өзара іс-қимылдың, қызметкерлердің ғылыми әлеуетін одан әрі дамыту векторлары белгіленді. Институттың 2021 жылғы Ғылыми-зерттеу және заң жобалау жұмысының жоспары бекітілді.
 
 
 
Жүргізілген іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер бойынша қорытынды материалдар мақұлданды және жариялауға ұсынылды.
Редакциялық саясатты одан әрі жетілдіру мақсатында «Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институтының жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы туралы Ережеге түзетулер бекітілді.