Ғылыми кеңестің отырысы

You are here

Құрметті әріптестер және достар!
 
2021 жылғы 6 сәуірде Ғылыми кеңестің төрағасы, Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сарпеков Рамазан Құмарбекұлының төрағалығымен Ғылыми кеңестің отырысы өтті.
 
 
Ақпараттық технологиялар бағыты бойынша басшылық құрамды оңтайлы іске қосу қажеттілігіне байланысты Ғылыми кеңестің құрамы бойынша мәселе қаралды.
Отырыста 2021 жылдың бірінші тоқсанында іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер бағдарламаларын орындау мәселелері бойынша есептер тыңдалды. Есептер назарға алынып, құрылымдық бөлімшелердің ғылыми қызметін одан әрі дамыту жөнінде ұсыныстар берілді.
Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындарының нысаналы докторантурасына гранттық негізде әрі қарай түсуі үшін Институт қызметкерлері А.К. Лямбекованың, Е.Б. Сұлтановтың, Т.К. Макеновтің, О.С. Қарахожаевтың кандидатуралары қаралып, ұсынылды.
 
 
Сондай-ақ, азаматтық және азаматтық іс жүргізу заңнамасы және атқарушылық іс жүргізу бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері, PhD К.К. Сабировтың "Қазақстан Республикасындағы адал иеленушінің құқықтық мәртебесі" монографиясын жариялауға ұсыну туралы мәселе талқыланды. Монографияға Құқық факультетінің және Шығыспен байланыс жөніндегі әкімшіліктің уәкілетті деканы, Варшава университетінің Шығыс Еуропа және Орталық Азия Зерттеулер орталығының директоры, доктор Ярослав Турлуковскийдің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институтының жетекші ғылыми қызметкері, Қарағанды экономикалық университетінің Халықаралық бағдарламалар және академиялық ұтқырлық жобалары орталығының директоры, з.ғ.к., философия докторы (PhD), доцент Елена Викторовна Горячеваның оң пікірлері келіп түсті. Монография жариялауға ұсынылды.
Отырыста директордың жетекшілік ететін орынбасарлары В.Т. Конусованың, Р.М. Жанғарашевтің кадрлардың қысқартылуымен байланысты мәселелер жөніндегі ақпараты тыңдалды.
Ғылыми кеңес мүшелерінің назарына нормашығармашылық мәселелері бойынша заңнамалық түзетулерді қабылдау аясында ғылыми құқықтық сараптама жүргізудің жаңартылған моделі бойынша ақпарат ұсынылды. Нормативтік құқықтық актілер жобаларының ғылыми құқықтық сараптамаларын үйлестірудегі Институттың рөлі атап өтілді. Сараптамаға әлеуетті сарапшылардың қатысуына  мүмкіндіктерді кеңейтуге назар аударылды.
Отырыс қорытындысы бойынша жүргізіліп жатқан жұмысқа қанағаттанарлық баға беріліп, ғылыми және сараптамалық қызметтің жекелеген бағыттарын дамыту бойынша нұсқаулар берілді.