Хабарландыру

You are here

«Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі – Институт) Лингвистика орталығы Институттың жарғылық қызметі аясында ақылы негізде ресми мәтіндер (заңдар, қаулылар, шешімдер, бұйрықтар және т.б.) және түрлі құжаттама жобаларын жасау және оларды мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріне аудару бойынша қызмет көрсетеді.
Лингвистика орталығында аударма және заң жобаларына ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізу, құжат айналымын басқару салаларында  көпжылдық тәжірибесі бар филолог және заңгер мамандар жұмыс істейді. 
Лингвистика орталығы аударма қызметтерін 2010 жылдан бері көрсетіп келеді.
 
Байланыс деректері: тел.: 26-61-07, 26-61-08, 26-61-23.