Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтында сараптамалық кездесу

You are here

Ағымдағы жылдың 28 қарашасында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК (бұдан әрі - Институт) Қазақстан Республикасының ақпаратқа, дербес деректерге қол жеткізу және балаларды олардың денсаулығы мен дамуына зиянды ақпараттан қорғау туралы заңнамасының тиімділігін талдау нәтижелерін талқылау бойынша сараптамалық кездесу өтті.

Кездесу жұмысына мемлекеттік органдардың: Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі; Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және басқа да мүдделі мекемелердің өкілдері қатысты.

Аталған іс-шараның мақсаты оның қатысушыларынан – жетекші ғалымдар мен практиктерден сындарлы ескертулер мен ұсыныстар алу, сондай-ақ қоғамдық, ғылыми ұйымдар мен жоғары оқу орындарын тарту арқылы заңнамалық актілердің тиімділігіне жүргізілген талдау сапасын арттыру болып табылады. Бұл іс-шаралар азаматтар мен ұйымдардан келіп түсетін заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстарды дайындау және жинақтау арқылы заңнаманың өзекті мәселелерін талқылауға бағытталған.

Сараптамалық кездесу институт директоры Р.К. Сарпековтың басшылығымен өтті. Институт сараптамалық ұжымның атынан спикерлер: құқықтық мониторинг орталығының жетекші ғылыми қызметкерлері,
М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінің аға оқытушысы,
PhD докторы М.Х. Хасенов және Р.Е. Жакупов, сондай-ақ, М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінің аға оқытушысы, PhD докторанты Д.У.Мұхамеджанова сөз сөйледі.

Атап айтқанда, сарапшылар келесі проблемалар мен оларды шешу жолдарын айтты.

Хасенов М. Х. ақпаратқа қол жеткізу туралы Заңның ЭЫДҰ-ның халықаралық стандарттары мен ұсынымдарына сәйкес келмегенін атап өтті. Келесі ұсыныстар енгізілді:

  1. Ақпаратқа қол жеткізу туралы нормаларды қамтитын заңнамалық актілер жүйесінде «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңның басымдығы белгілеу.
  2. Қазіргі уақытта заңдық жауапкершілік шараларымен қамтамасыз етілмеген императивтік заң нормаларын бұзғаны үшін жауапкершілік белгілеу.
  3. Заңның 18-бабын ақпаратқа қол жеткізуден заңсыз бас тарту, не оны уақтылы бермеу, не дұрыс емес немесе сұрау салудың мазмұнына сәйкес келмейтін ақпарат беру нәтижесінде ақпаратты пайдаланушыға келтірілген залалдарды өтеу туралы нормамен толықтыру.
  4. Заңда Ақпарат мәселелері жөніндегі уәкіл лауазымын тағайындау. Бұл институт биліктің атқарушы тармағының қарамағында болуы және тиісті иммунитетке ие болуы тиіс; осы лауазымды адамға ақпаратқа қол жеткізу құқығының бұзылуы туралы істер бойынша әкімшілік іс жүргізуді қозғау құқығына ие болуы тиіс.
  5. Заңға Заңның іске асырылуы және мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ақпараттық ашықтығының жай-күйі туралы толық көріністі қамтитын ақпаратқа қол жеткізу туралы Ұлттық баяндаманы жыл сайын жариялау туралы норманы енгізу.
  6. Рұқсат беру немесе одан бас тарту туралы шешім қабылдау үшін «қызметтік ақпарат» деген ұғым «үш құрамды тестпен» ауыстыру.
  7. Интернет желісіне үздіксіз кіру құқығын бекіту.
  8. Байланыс туралы Заңның 41-1-бабын байланыс құралдарына қол жеткізуді шектеу үшін негіздер тізбесін қысқарту бөлігінде ақпаратқа қол жеткізу туралы Заңның бабына сәйкес келтіру.
  9. Заңға және өзге де заңнамалық актілерге ақпараттандырушыларды (әшкерелеушілерді), яғни құқық бұзушылықтарды ашуға ықпал ететін ақпарат беретін адамдарды қорғауға бағытталған нормаларды енгізу.

Сонымен қатар, сарапшы «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңды Еуропалық Одақтың дербес деректерді қорғау жөніндегі жалпы Регламентімен (GDPR) үйлестіруді ұсынды. Оның ішінде деректерді өңдеу қағидаттарын қайта қарау, дербес деректерді өңдеу деп танылатын операциялардың ашық тізбесін белгілеу, дербес деректерді қорғау жөніндегі уәкілетті органды айқындау және оның құзыретін белгілеу. Заңда белгіленген құқықтардан бас тарту туралы тең емес келісімдер деп тану ұсынылды.

Р. Е. Жақыпов «Балаларды денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау туралы» Заң жақында және бір жылдық тәжірибе жеткілікті дәрежеде орныққан жоқ екенін атап өтті. Заңмен енгізілген шектеулер халықаралық құқық пен шет елдердің заңнамалық практикасына сәйкес келетініне назар аударды. Бір тәулік ішінде фильмдердің жарнамалық роликтеріндегі көрермендік жас цензі, Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін ақпараттық өнімге жас санатын беру субъектісін айқын анықтау, осы саладағы мемлекеттік саясат қағидаттарын шектеулерге жол беру бөлігінде түзету, сондай-ақ ұғымдарды анықтау (суицид, отбасылық өмір мәселелері, арнайы сексуалдық-эротикалық сипат, жас топтары және т.б.).

Сондай-ақ, Қылмыстық кодекстің баптарында көзделген әрекеттер үшін жоғары қылмыстық жауапкершілікті енгізудің, егер олар жария түрде, оның ішінде БАҚ-та және интернетте демонстрациялаумен байланысты болса, перспективалы мәселесі талқылауға шығарылды. Балалардың құқықтарын қорғау салдарға қарсы күресті ғана емес, алдын алу шараларын қамтуы тиіс.

Өткізілген талқылау жүргізілген талдаудың өзектілігін, жаңалығын және қолданбалы қажеттілігін растауға, сондай-ақ талдауда қатысы жоқ өзге де құқықтық реттеу мен қаралатын заңнамалық актілердің құқық қолдану тәжірибесінің проблемалық аспектілерін анықтауға мүмкіндік берді.

Сараптамалық талқылау және заңнаманың тиімділігін талдау нәтижелері құқықтық мониторинг жүргізу кезінде мемлекеттік органдарға жәрдем көрсету мақсатында уәкілетті мемлекеттік органдарға талдамалық анықтамалар ретінде жіберілетін болады. Жүргізілген талдаудың нәтижелері талдамалық анықтамалар жинағы ретінде жарияланады, содан кейін Институт сайтында орналастырылады.

Институт сараптамалық талқылауға қатысушыларға белсенді, жемісті қатысқаны үшін алғыс білдіреді және барлық мүдделі мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдардың назарына ұлттық заңнаманы жетілдіру бойынша ынтымақтастыққа дайын екендігі туралы хабарлайды.