«Әкімшілік рәсімге және әкімшілік процеске қатысушылар» тақырыбында Әкімшілік құқық бойынша X-Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

You are here

2019 жылғы 8 қарашада Әкімшілік құқық бойынша X-Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның екінші күні "Әкімшілік рәсімдікте және әкімшілік процесте қатысушылар" тақырыбына еуропалық елдердің тәжірибесі негізінде Орталық Азия елдерінде әкімшілік әділет жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша баяндамалар тыңдалды.

Конференцияның екінші күнінің бірінші секциясын Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институтының директоры Сәрпеков Рамазан Құмарбекұлы конференцияға қатысушыларына арналған "Қазақстан Республикасының Әкімшілік сот ісін жүргізуге қатысушылардың процесуалдық жағдайының перспективалары туралы" өзекті тақырыбымен ашты. Өз баяндамасында Р.Қ. Сәрпеков Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің жобасына сәйкес әкімшілік сот ісін жүргізуге қатысушылардың құқықтық мәртебесінің өзекті мәселелерін қозғады.
Әкімшілік рәсімдер мен процеске қатысушылардың ерекше құқықтарының түсінігі мен мазмұны Еуропалық Одақ Сотының әкімшілік мәселелер жөніндегі кеңесшісі Мария Краузенбек баяндамасында берілген.
Еуропалық мемлекеттердің әкімшілік Әділет ерекшеліктері, атап айтқанда, Италия мен Польшаның тәжірибесі конференцияның екінші сессиясында талқыланды.
Конференция сессиясын жалғастыра отырып, Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институтының конституциялық, әкімшілік заңнама және мемлекеттік басқару бөлімінің басшысы, з.ғ. к. Б.Қ. Нұрғазинов "Ғылыми зерттеудің негізгі ережелері: Әкімшілік-процессуалдық құқық қатынастарының субъектілері: құқықтық регламенттеу мәселелері" тақырыбындағы іргелі ғылыми зерттеуді таныстырылыммен баяндама жасады, онда Қазақстан Республикасы Әкімшілік сот ісін жүргізуге қатысушылардың құқықтық мәртебесін жетілдіру бойынша аса маңызды ұсыныстар айтылды.
Конференция аяқталғаннан кейін Институт директоры Р.Қ. Сәрпеков «Түрікменстан» телевизиялық каналына сұхбат беріп, конференция тақырыбына қатысты өзекті сұрақтарға жауап берді.
Конференция нәтижелері бойынша қатысушылардың ұсыныстарын ескере отырып, тиісті ұсыныстар әзірленді.