Құттықтаймыз!

You are here

 
Мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін, Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 03 желтоқсандағы № 461 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты» РМК директоры Сәрпеков Рамазан Құмарбекұлы «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағымен наградталды.
 
РҚ ӘМ «ЗҚАИ» ШЖҚ РМК ұжымы Сізді жоғары марапатпен құттықтайды.
 
Қызметтік міндеттерін үлгілі атқарғаны және әділет органдарын  дамытуда елеулі үлес қосқаны үшін, «Әділет органдары жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен конституциялық, әкімшілік заңнама және мемлекеттік басқару бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері – Сәулен Нұржан және жүктелген міндеттерін адал және кәсіби шеберлікпен орындағаны үшін «Әділет органдарының үздігі» төсбелгісімен құқықтық мониторинг орталығының басшысы-Казбаева Асель Габиденовна марапатталды.
 
Кәсіпорынның дамуына қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты» РМК директорының Грамотасымен кәсіпорынның мынадай қызметкерлері марапатталды:
Бекишев Бакытжан Фазылович – жоспарлау және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру бөлімі басшысының уақытша міндетін атқарушы;
Дахаева Алуа Сайрановна - ақпараттық құқықтық жүйелерді ағылшын тілінде қалыптастыру бөлімінің бас маманы;
Костяная Юлия Сергеевна - азаматтық, азаматтық процестік заңнама және атқарушылық іс жүргізу бөлімінің ғылыми қызметкері;
Климкин Сергей Иванович -  құқықтық мониторинг орталығы заңнама мониторингі секторының бас ғылыми қызметкері;
Нурлумбаева Ляззат Ерлановна - қылмыстық, қылмыстық процестік, қылмыстық атқару заңнамасы бөлімінің аға ғылыми қызметкері;
Серикбаева Аққыз Жайыққызы - «ЗҚАИ» РМК Маңғыстау облысы бойынша филиалының бас маманы;
Черменинов Геннадий Иванович - «ЗҚАИ» РМК Қостанай облысы бойынша филиалының директоры.
 
«ЗҚАИ» РМК ұжымы құттықтаумен