ПРЕСС-РЕЛИЗ

You are here

30 қарашада  Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты (бұдан әрі - Институт) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының қатысуымен   «Заң терминдері және құқық фраземалары» тақырыбына онлайн режімінде  дөңгелек үстел өткізді.
 
 
Іс-шараны өткізудің  мақсаты Лингвистика орталығы 2020 жылы «Заң терминдері және құқық фраземалары» тақырыбына жүргізген іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеу жұмысының қорытындысын және оның нәтижесі ретінде әзірленген  «Заң терминдері және құқық фраземалары» атты анықтамалық сөздіктің жобасын талқылау болды.
Лингвистика орталығының жетекші ғылыми қызметкері М.А. Айымбетов іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеу барысы мен «Заң терминдері және құқық фраземалары» атты анықтамалық сөздіктің жобасы бойынша баяндама жасады. Анықтамалық сөздіктің жобасы бойынша сарапшы ретінде  Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Мемлекеттік тілді оқыту кабинетінің меңгерушісі п.ғ.к., доцент Н.Т. Төленбергенова, ф.ғ.к., доцент
Қ.Ө. Айтмұхаметова және аға оқытушы Л.П. Ақпанова сөз сөйледі.
 
Аталған анықтамалық сөздік жобасын талқылауға Лингвистика орталығының қызметкерлері қатысты.
Дөңгелек үстел жұмысының қорытындысы бойынша іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеу қорытындылары  мен «Заң терминдері және құқық фраземалары» атты анықтамалық сөздіктің жобасы бірауыздан мақұлданды. Сондай-ақ оларды Институттың Ғылыми кеңесіне бекітуге ұсыну туралы шешім қабылданды.