«Салық Зиманұлы Зимановтың еңбектері – қазіргі дәуірдің саяси және құқықтық ойының қайнар көзі» атты конференция

You are here

 
2021 жылғы 29 қаңтарда ҚР Әділет министрлігі ҚР Заңнама және құқықтық ақпарат институтымен (бұдан әрі – ҚР ЗҚАИ) бірлесіп бастаған заң ғылымының патриархы Салық Зиманұлы Зимановтың 100 жылдығына арналған іс-шаралар сериясын жалғастыра отырып, 2021 жылғы 19 ақпанда М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінің С. Зиманов атындағы Құқықтық және экономикалық зерттеулер академиясы «Салық Зиманұлы Зимановтың еңбектері – қазіргі дәуірдің саяси және құқықтық ойының қайнар көзі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция (бұдан әрі – Конференция) өткізді.
Конференцияның мақсаты – Еңбек сіңірген ғылым қайраткері, ҚР ҰҒА академигі, заң ғылымдарының докторы, профессор Салық Зиманұлы Зимановтың идеялық мұрасын және оның даму перспективаларын талқылау болды.
Конференцияға Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының басшылары, жақын және алыс шетелдердің ғылыми қоғамдастығының өкілдері, сондай-ақ С.З. Зимановтың оқушылары қатысты.
 
 
 
Конференцияның модераторы заң ғылымдарының докторы, профессор М.Ч. Қоғамов болды.
Конференцияда спикерлер ретінде ҚР Заңнама және құқықтық ақпарат институтының өкілдері сөз сөйледі:
Ж.О. Құлжабаева – заң ғылымдарының кандидаты, доцент, ҚР ЗҚАИ Директорының Кеңесшісі (баяндама тақырыбы: «Халықаралық және ұлттық құқықтың динамикалық арақатынасы туралы»);
Е.Б. Абдрасулов – заң ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ЗҚАИ бас ғылыми қызметкері (баяндама тақырыбы: «Академик Зиманов және оның әдеттегі құқық нормаларын дәстүрлі түсіндіруді зерттеуге қосқан үлесі»);
Л.Т. Жанұзакова – заң ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ЗҚАИ бас ғылыми қызметкері (баяндама тақырыбы: «Ғалым және азамат. Академик Зимановтың 100 жылдығына»);
Р.Т. Нұртаев – заң ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ЗҚАИ бас ғылыми қызметкері (баяндама тақырыбы: «Қазіргі заманғы қылмыстық құқық әдіснамасын дамыту үшін академик С. З. Зиманов идеяларының өзектілігі»).
Конференция қорытындысы бойынша материалдар жинағын басып шығару жоспарлануда (ISBN халықаралық нөмірімен қоса, электронды түрде).