Заң ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, ғылымға еңбек сіңірген қайраткер Салық Зиманұлы Зимановтың 100 жылдығына арналған «Өнегелі өмір» атты кітап көрмесі туралы ақпараттық хабарлама

You are here

Салық Зиманұлы Зимановтың 100 жылдығына арналған іс-шаралар шеңберінде «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК кітапханасында 2021 жылғы 5-29 қаңтар аралығында «Өнегелі өмір» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылады.
Көрмеде ұсынылған әдебиеттердің арасында С.З. Зимановтың қазақ қоғамы мен мемлекеттілігін дамытудағы билер соты мен сот төрелігінің қызметі мен рөліне арналған 2008 жылы «Атамұра» баспасында басылып шыққан «Казахский суд биев – уникальная судебная система» атты еңбегі, «Заңгер» журналының 2008 жылғы № 3 шығарылымында жарияланған «Казахский суд-биев – независимое, профессиональное и мудрое правосудие» атты ғылыми мақаласы сияқты және өзге де еңбектері бар.
Ұсынылған материалдардың басым бөлігін ғылыми және мерзімді басылымдарда жарияланған С.З. Зимановтың ғылыми және қоғамдық-саяси қызметі туралы материалдар, ғалым-әріптестерінің, мемлекет қайраткерлерінің, серіктерінің, шәкірттерінің, жақын достарының оның құқықтық мәдениетті дамытуға қосқан баға жетпес үлесі және бүгінгі күнге дейін заң ғылымының одан әрі дамуына қызмет етіп келе жатқан прогрессивті идеялары туралы естеліктері құрайды.
Көрмеде танысу үшін 19 басылым, оның ішінде 8 ғылыми және 7 мерзімді баспа басылымы, сондай-ақ 4 электрондық басылым ұсынылады, оның 10-ы қазақ тілінде. тілінде. Мақалалар мен басқа да материалдардың тізбесі 112 дананы құрады, оның 44-і қазақ тілінде.
Әдебиеттердің барлық библиографиялық мәліметтері С.З. Зиманов туралы әдебиеттер тізімінде берілген.
 
Кітап көрмесінің өтетін орны Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 19 (C), каб. 311.