Аса қадірлі, Рамазан Құмарбекұлы!

Вы здесь

 
Аса қадірлі, Рамазан Құмарбекұлы!
     Сізді бүгінгі туған күніңізбен құттықтаймыз! Осы таңда адам өмір жолының асқар биігі – алпыстың асқарына жетіп отырған сізді, көпшілік мемлекетіміздің қайраткері, ғұмырын Қазақстан болашағына арнаған зиялы азамат ретінде таниды.
Өмір жолында еңбек сүйгіштік, қоғамдық белсенділікпен ерекшеленіп, нағыз азаматтық қасиеттерге ие ірі тұлға ретінде қазақ халқының игілігіне бөленіп, қызметтің ең қызықты да қиын салаларын атқарып отырған абырой-беделіңізді атап өтпей кетуге болмас.
   Бұл жылдар сіздің қоғамдық және жемісті еңбегіңіздің нағыз кемеліне келген кезең болды. Туған елге деген сүйіспеншілік арқылы парасатты да рухы биік ізбасарларыңызды тәрбиелеу жолында дарынды ұйымдастырушы қырынан көрініп келесіз.Қоғам игілігіне бағыттап отырған ерен еңбектеріңіздің еліміздің нығаюына өзіндік үлесі бар.
    Осынау игілікті істе қанатыңыз талмасын, қажыр-қайратыңыз қашанда арта бергей! Өзіңізге және отбасыңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, ырыс пен ынтымақ, бақыт пен береке тілейміз! Шығар шыңдарыңыз әрқашанда биік болғай!
Құрметпен, Заңнама және құқықтық ақпарат институтының ұжымы!