Қазақстан Республикасының Конституциясымен әркімнің құқықтықты қоса алғанда еркін ақпарат алуға құқығына кепілдік берілген. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен Республикалық құқықтық ақпарат орталығы Қазақстанның ұлттық заңнамасымен он-лайн режимде жұмыс істеуге мүмкіндік беретін ірі, қоғамдық маңызы зор жобаны жасады және 2012 жылдан бастап іске қосты. Заңнаманы жинақтау, оны жүйелендіру және одан әрі тұтынушыға ұсыну үшін заманауи компьютерлік технологиялар, сондай-ақ пайдаланушылардың шексіз санына ақпаратқа қолжетімділікті ұсыну мүмкіндігі бар Интернет жобаның нақты мақсатына - құқықтық ақпаратты еркін ұсынуға толық жауап береді. Жүйе ақпараттық жиынды күнделікті жаңарта отырып, тәулік бойына жұмыс істеу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Құрылған «Әділет» АҚЖ азаматтардың толық, өзекті, жүйелендірілген және ең маңыздысы, тегін құқықтық ақпаратты алуы үшін оңтайлы жағдайды қамтамасыз етеді. Мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне, қоғамдық-саяси және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдеріне деректер базасына еркін қолжетімділікті қамтамасыз ету қабылданған заңдарды және басқа НҚА-ларды қолданысқа енгізу тетігінің пәрменділігін бағалауға, олардың ұсыныстары мен пікірлеріне мониторинг жүргізу негізінде негізгі заңнамалық актіні іске асыру тетігін реттейтін заңға тәуелді актілерді уақытылы қабылдауға мүмкіндік береді деп болжауға болады.
«Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі:
Интернет желісіндегі мекенжайы: http://adilet.zan.kz
Ақпараттық жүйенің атауы: Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі
АЖ операторы: Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 010000, Астана қ., Жеңіс даңғылы, 15а, E-mail: info@zqai.kz