«Заң» ДБ 6 Пайдаланушының нұсқауы

 
 
 
 
 
«Заң» Деректер базасы – мемлекеттің заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі ең толық электрондық жиынтығы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 сәуірдегі № 343 қаулысына сәйкес «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» РМК Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Мемлекеттік тізілімін (реестрін) жүргізуді қамтамасыз етеді. Сондықтан, Деректер базасы тек қана ресми көздерден жинақталады, бұл нормативтік материалдың ерекше шынайылығын және бақылаулығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Базадағы нормативтік актілердің (мұрағат 1996 жылдан қалыптасқан) бұрынғы редакцияларының, сондай-ақ қажетті сілтемелер мен түсіндірмелермен жабдықталған күшін жойған құжаттар кітапханасының (1995 жылдың қыркүйегінен қалыптасқан) сақталуы енгізілген өзгерістердің хронологиясын қадағалауға мүмкін етеді.
Деректер базасы бағдарламасының іздеу қабықшасы әртүрлі анықтамалықтар мен жіктегіштерді пайдалана отырып, түгелдей нормативтік кеңістікті, сондай-ақ оның жекелеген бөлімдерін аралап шығуға, сонымен қатар пайдаланушыға тақырыптық топтамаларды өздік түрде қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Деректер базасы энциклопедиялық заң сөздігімен, Қазақстан Республикасы заңнамасының мәтіндерінен алынған мемлекеттік және орыс тілдеріндегі заң терминдерінің талқылама сөздіктерімен (Деректер базасындағы сол заңдарға сілтеме жасаумен бірге), орысша-қазақша терминологиялық сөздікпен жабдықталған.
Тақырып бойынша іздеу пайдаланушыға нақты тақырып (жағдай) бойынша құжатты жылдам табуға мүмкіндік береді.
Құжатпен жұмыс істеген кезде екі терезе режимінде мәтінді мемлекеттік және орыс тілдерінде, немесе құжаттың мәтіні мен тарауларын бір мезгілде көруге мүмкіндік бар.
«ЗАҢ» ДБ-ның техникалық мүмкіндіктері:
- Windows 2000, XP, Vista, Windows7 ортасында жұмыс жасау;
- жергілікті, сондай-ақ желілік режимде жұмыс жасау;
- Интернет желісінде FTP серверінен кез келген қолайлы уақытта, күн сайын - электрондық поштамен, апта сайын – CD-да немесе DVD-да жаңарту алуға.
 «ЗАҢ» Деректер базасының 6 Нұсқасында бұрынғы нұсқалардың барлық артықшылықтары сақталған, сонымен қатар жаңа іздестіру және сервистік мүмкіндіктермен толықтырылған.
Біздің Деректер базамыз таптырмайтын көмекшіңіз және құқық саласында стол үстіндегі электрондық кітабыңыз болатынына сенімдіміз.
 
 
 
 
 
Деректер базасымен жұмыс істеу үшін Сізде мыналар болуы қажет:
- Компьютер: процессор Pentium 800 МГц және одан да жоғары тактілік жиілікте.
- Жад: 1024 Mb және одан да жоғары.
- Дискілік кеңістік: жергілікті орнату үшін ең азы 20 Gb.
- LPT порт принтер немесе USB-порт.
- DVD – ROM компакт дискісін оқу құрылғысы.
- Орыс редакциясындағы операциялық жүйе: MS Windows XP, Windows Vista Business және одан жоғары, Windows 7 Pro және одан жоғары.
Операциялық жүйенің жергілікті емес нұсқасын (орыс емес) қолданған кезде нормативтік актілердің, тақырыптардың, менюдің және интерфейстің басқа да элементтерінің дұрыс бейнеленбеуіне РҚАО жауапкершілікте болмайды. 
 
 
 
 
Деректер базасымен жұмыс жасау кезінде Сізге қажетті нормативтік
құқықтық актіні (НҚА) немесе актілердің бір тобын табуға қарапайым не логикалық сұраудың көмегімен мүмкіндігіңіз бар. Сіз мемлекеттік не орыс тілдерінде құжатты келесі параметрлермен іздестіруіңізге болады:
- НҚА-ның тұрпаты (қолданыстағы, күшін жойған, барлығы);
- НҚА-ның тақырыбындағы сөз не сөздің бөлігі;
- НҚА-ның мәтініндегі сөз не сөздің бөлігі;
- НҚА-ның мәтініндегі қатар орналасқан сөздер не сөздің бөлігі (сөз тіркесі) ;
- деректер базасындағы НҚА-ның топтама тіркеу нөмірі;
- НҚА-ны қабылдау нөмірі;
- НҚА-ны әділет органдарында тіркеу нөмірі;
- НҚА-ның Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Мемлекеттік тізіліміндегі нөмірі;
- НҚА-ны қабылдау датасы;
- НҚА-ның соңғы редакциясының датасы;
- НҚА-ны әділет органдарында тіркеу датасы;
- НҚА-ның түрі;
- деректер базасының бөлімі;
- деректер базасының жіктегіші;
- НҚА-ны қабылдаған орган;
- НҚА-ның әрекет ететін өңірі;
- НҚА-ның қабылдау орны;
- НҚА-ны тіркеу органы;
- НҚА-ны жариялау көзі.
Сұрауды құрған кезде логикалық іздестіру «ЖӘНЕ», «НЕМЕСЕ», «ЕМЕС» логикалық операцияларды қолдануға мүмкіндік береді.
Іздестірудің өте жылдам жүретіндігі Сізді таңқалдыруы сөзсіз!
Іздестіруден кейін Сіз құжаттар тізімін аласыз, оларды былайша топтастыруға болады:
- НҚА-ны қабылдау датасы;
- НҚА-ны қабылдау нөмірі;
- НҚА-ның заңдық күші;
- НҚА-ның Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Мемлекеттік тізіліміндегі нөмірі;
- НҚА-ның соңғы редакциясының датасы.
Бағдарлама тізімдегі құжаттарды алып тастауға, бұл тізімді принтерде
басып, HTML файлында сақтауға мүмкіндік береді.
HTМL файлында нормативтік актінің толық мәтінін алдын-ала қарау, басу және сақтау мүмкіндігімен қатар, мәтіннің тек белгілі бір бөлігін алдын-ала қарап, басып шығаруға болады. Мәтіннің бөлінген бір бөлігін айырбастау буфері арқылы сыртқы редакторға, мысалы WORD-қа көшіруге болады.
Құжатты түгелімен сыртқы редакторда ашуға немесе осы құжатты басқа тілде (қазақ/орыс) ашу мүмкіншілігі бар. 
Нормативтік құқықтық актінің мәтінінде басқа құжаттарға сілтеме болған ретте, құжатты сілтеме бойынша тышқанды басу жолымен жүктеуге болады.
Нақты құжатпен жұмыс істеген кезде осы құжат сілтеме жасаған хронологиялық тәртіппен орналасқан құжаттардың толық тізбесін, сондай-ақ қаралатын құжатқа сілтеме жасалатын құжаттардың тізбесін көруге болады.
Бағдарлама НҚА-ның бұрынғы редакциясымен танысуға мүмкіншілік береді.
Деректер базасының осы нұсқауына бірқатар ведомстволық нормативтік құқықтық актілерде орналасқан схемалар, формулалар мен суреттер енгізілген.
Жай сұрауларды сақтауға және кейінгі жұмыстарға пайдалануға болады.
Құжаттардың тізімін, жеке құжатты қолдану топтамаларына қосуға болады және жекелей құжатпен ғана жұмыс істеуге болады.
Нормативтік құқықтық актілерді сұрау кезінде өзгерістер енгізу, күшін жою, қосылу, бекіту, іссапарға жіберу, жобалар туралы құжаттарды алып тастауға мүмкіндік енгізілді.
 
 
 
 
Бағдарламаны орналастырар алдында компьютерді сөндіріп, компьютердің LPT- немесе USB-портына электрондық кілтті қосу қажет. Компьютерді қосу.
Назар аударыңыз! Орналастыру бағдарламасын қосу алдында Windows-тың барлық ашық қосымшаларын жабыңыз.
«Заң» ДБ DVD-дискіден немесе басқа ақпарат тасушыдан қойылады. Install6.exe орнату бағдарламасын іске қосқаннан кейін деректер базасы файлдарының орны және орнату нұсқасы сұралады. Орнату бағдарламасының көрсетуіне қараңыз. Бағдарламаны орнату үшін қолданатын каталогқа базаларды ашыңыз. Ол үшін base6.part01.exe іске қосыңыз, (c:\zan6\) ашу үшін каталогті таңдаңыз және «Извлечь» кнопкасын басыңыз. Орналастыру бойынша қосымша мәліметтерді setup.rtf. нұсқауынан қараңыз.
 
 
 
 
«БД Закон» бағдарламасын іске қосу үшін сіз «Пуск» -
«Программы» - «БД Закон» бағдарламаларын іске қосуыңыз қажет. Немесе бағыттауыштың көмегімен ZAN6 каталогынан ZAN6.EXE бағдарламасы іске қосу қажет.
 
 
«Закон» панелі деректер базасына және заңдық анықтамалық жүйесіне жылдам кол жетімділікті қамтамасыз етеді.
Сұратудың формасын шақыру үшін инструмент панеліндегі «Запрос» не «Логический запрос» батырмасын, немесе «Файл» менюіндегі «Запрос», не «Файл»- «Логический запрос» командасын пайдалануға болады. Бұған тиісінше F3 немесе SHIFT+F3 жылдам әрекет ету пернелерінің көмегімен де қол жеткізуге болады.
«Тақырып бойынша іздеу» формасын мемлекеттік және орыс тілдерінде шақыру тиісті батырманы басумен немесе SHIFT+CTRL+F3 немесе  SHIFT+CTRL+F4 жылдам әрекет ету пернелерінің көмегімен жүзеге асырылады.
Сөздіктермен жұмыс формасын шақыру үшін «Словарь» батырмасын немесе «Файл» менюіндегі «Словарь» командасын, немесе F5, F7, F8, F9 пернелерін пайдаланыңыз.
«Заң» ДБ іздеу қоршамы жұмысының негізгі параметрлерін өзгерту үшін «Сервис» менюіндегі «Настройки» командасын таңдаңыз немесе F12 басыңыз.
«Выход» батырмасы бағдарламаны жабады және компьютердің жүйелік ресурстарын босатады. «Файл» менюіндегі «Выход» командасын таңдау немесе Ctrl+F10 пернесін басу осы функцияны қайталайды.
Бірінші томтама құрылғаннан кейін «Закон» панелінде «Подборка» батырмасы шығады. Оны басқаннан кейін сақталған бұрынғы топтамалардың тізімі шығады, олардан ағымдағы жұмыс үшін кез-келгенін таңдауға болады. Толықтай «Топтаманы құру және оны мен жұмыс жасау» бөлімінен оқыңыз. «Сервис» менюінің тармағы «Настройка» арқылы бағдарлама параметрлерін жасырын өзгертуге болады.
«Справка» менюіне «Руководство пользователя» тармағы арқылы «Заң» ДБ бойынша пайдаланушының нұсқауын жүктеуге болады.
«Справка» менюі «Сервер РЦПИ» тармағы арқылы Интернеттегі Республикалық құқықтық ақпарат орталығының парағына жылдам өту үшін қажет, бұл ретте «Скачать» бетбелгіге өткенде ДБ жаңартудың соңғы файлын, қосымша бағдарламаларды және басқа ақпаратты көшіруге болады.
«Справка» менюінде «О Программе» тармағы арқылы Zan6.exe бағдарлама нұсқасы, пайдаланушы қолданатын кілттің нөмірі, осы кілт тіркелген ұйымның аты туралы ақпарат шығады. Егер РҚАО логотипіне тышқанды басып қалсаңыз - нақты пайдаланушы қолданған базалар туралы, сондай-ақ жаңартудың соңғы файлдарының нөмірлері шығады.
 
 
«Экспресс терезе» «Закон» панелі функциясын қайталайды, бірақ экранның жоғарғы жағында емес, орта тұсында орналасқан. Логотипке тышқанды басып қалу, егер компьтер Интернетке қосылған болса, РҚАО-ның веб-сайтына жылдам өтуді қамтамасыз етеді. «Экспресс терезені» баптауларда қосуға болады.
 
 
 
 
 
 
Іздеу қабықшасының негізгі параметрлерін түзету баптау диалогтарын шақыру кезінде жүзеге асырылады. Ол үшін Сізге «Закон» панелінде «Сервис» менюінде «Настройки» командасын таңдау немесе F12 пернесін басу, болмаса «Экспресс терезеде» «Настройка» батырмасын басу қажет. Осы кезде бағдарламаны баптау терезесі ашылады.
Назар аударыңыз! Мемлекеттік тілдегі ДБ жаңа кодтамада (СТРК 1048-2002 стандарты) жұмыс істеуі мүмкін. Ол үшін осы стандартқа сай қаріпті қолдану керек. Мұндай қаріп дистрибутивте (Zan Courier New) бар. Бұл ретте баптаудағы қазақ тілінің ескі кодтамасы ажыратылуы қажет.
«Параметры программы» қосымша парағы.
 
 
Бұл парақта жасыру бойынша қолданылатын деректер базасының тілі анықталады, сондай-ақ пернетақтаның кіріктірілген ауыстырып-қосқышы, пернетақтаның автоматты ауыстырып-қосқышы қолданылады.  
Пернетақтаның кіріктірілген ауыстырып-қосқышы «Закон» панеліне тілдерді (ағылшын, орыс, қазақ) ауыстыратын батырмаларды қосады, бірақ операциялық жүйеде ауыстырып-қосқышын қоспай-ақ жұмыс істеуге болады.
Егер жүйенің өзінің ауыстырып-қосқышы болса, баптаудағы қанат белгіні алып тастап, онымен қолдануға болады. Егер жүйеде пернетақтаның қажетті таратуы болмаса, кіріктірілген ауыстырып-қосқыш автоматты түрде жүктеледі.
Пернетақтаның қажетті таратылуына автоматты ауысу мақсатында пернетақтаның автоматты ауысу параметрі қолданылады, бұл ретте мемлекеттік тілдегі құжаттармен жұмыс істеген кезде пернетақтаның ауыстырып-қосқышы автоматты түрде қазақша таратылымға, орыс тіліндегі-орысша таратылымға, әріптік символды сұратуды ТТН-ға қосқан кезде - ағылшынша таратылымға көшеді.
Алдын ала қарап, басу үшін қаріп, парақтың сол,оң, жоғарғы және төменгі өрісі белгіленеді.
Құжатты қараудың сыртқы бағдарламасына жол бағытталады. Бұл бағдарлама HTML 4-нұсқау пішімін түсінуге тиіс. Word 2000 және одан жоғарыны қолданған дұрыс.
Бағдарлама қабықшасының анықтамалықтары мен сөздіктеріне жол тапсыруға болады.
Қосымша баптауға жататындар:
«Использовать Экспресс окно» - оны пайдалану кезінде экранға «Экспресс терезе» шығады, ол «Закон» панелінің функциясын қайталайды, бірақ экранның ортасына шығады.
«При старте программы открывать окно Запроса» - бағдарламаны бастаған кезде сұратудың формасын автоматты түрде жүктеу үшін пайдаланылады.
«Расположить окна документка на двух языках» - құжат мәтінін қазақ және орыс тілдерінде бір мезгілде қарау қажет болғанда, «KZ» немесе «RU» батырмасын (құжатты басқа тілде ашу), және құжаттардың тақырыбымен екі терезе режімінде жұмыс істеген кезде пайдаланылады.
«Открывать окно документа на весь экран» - барлық терезелер бүкіл экранға ашылу үшін пайдаланылады.
«Экспорт документов в UniCode» - құжаттарды сыртқы редакторға шығару кезінде мәтін UniCode-қа түрленеді.
«Открывать справочники списком» - анықтамалықтар ағаш түрінде емес, тізім түрінде ашылады.
«Индиксация количества найденных документов» - оны пайдаланған кезде «Найти» батырмасында автоматты түрде Сұратуды толтырғаннан-ақ табылған құжаттардың саны шығады.
«Минимальная длина словаря для поиска в тексте документа» - Сұрату формасындағы «Слова в заголовке документа» және «Слова в тексте документа» бойынша сөздерді іздестірген кезде жұмыс істейді. Ол «Индикации количества найденных документов» қосылған кезде жұмыс істейді. Егер «3» белгісі тұрса, онда 3 және одан да көп символдан тұратын сөздерді енгізгеннен кейін автоматты түрде құжаттар іздестіріледі және «Найти» батырмасында табылған құжаттардың саны шығады. Бұл параметрді әлсіз компьютерлерде пайдаланбаған абзал, себебі құжаттарды санау құжаттарды іздестіру уақытын едәуір баяулатады;
«Статус НПА» - егер «Действующие» таңдалса, онда Сұратуда автоматты түрде «Типы Актов» - «Действующие» параметрлері шығады. Егер «Все» таңдалса, онда Сұратуда автоматты түрде «Типы Актов» - «Все» параметрлері шығады.
 
«Настройка БД» қосымша парағы.
Мемлекеттік және орыс тілдерінде қолданылатын базалардың негізгі баптаулары осы парақта берілген:
RUS/KAZ – «Закон/Заң по 2007 год» ДБ орталық органдардың 2007 жылғы 31 желтоқсан бойынша нормативтік құқықтық актілерін құрайды;
RU1/KZ1 - «Закон/Заң с 2008 года» ДБ орталық органдардың 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап нормативтік құқықтық актілерін құрайды;
ORU/OKZ - «Область/Облыс» ДБ жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілерін құрайды;
RRU/RKZ – «Регион/Аймақ» ДБ аудандық, поселкелік, ауылдық (селолық) деңгейде басқарудың өкілетті және атқарушы органдарының нормативтік құқықтық актілерін құрайды;
NOR/NOK – «Тіркелмегендер» ДБ әділет органдарында міндетті түрде тіркелуге жатпайтын құжаттарды, ұсыныс түріндегі хаттарды, құжаттардың үлгілерін құрайды.
 
 
Жаңа базаны қосу үшін «Подключить новую БД» батырмасын басса, базаның кез келген файлын (*. lck басқасы) таңдаса болды. Қажет болғанда Сіз ДБ-ның атын өзгертуіңізге болады.
Қажеті жоқ базаны алып тастау үшін – ДБ тізіміндегі базаны таңдаңыз және «Удалить БД из списка» батырмасын басыңыз.
Барлық баптаулар ағымдағы тізімдемедегі Zan6.ini және Zan6DB.ini файлдарында сақталады.
Егер ағымдағы тізімдемеде RCLI.ini файлы бар болса, онда баптау файлдарының аттары мен жолдары осы файлдан оқылады.
 
 
 
 
«Запрос» формасында Сіз іздестіру жүргізілетін Деректер базасына
сұратуды қалыптастырасыз.
 
 
Сұратуды қалыптастырған кезде бір немесе бірнеше іздестіру бір мезгілде қолданылуы мүмкін. Сұрату Сіз іздейтін құжат туралы қандай мәліметіңіздің барына қарай қалыптастырылады.
Сұрату формасы аттары бар пішімдеу өрісінен тұрады. Пішімдеу өрісін дұрыс толтырған ретте оның аты қарадан көк түске ауысады. Егер пішімдеу өрісін толтырған кезде толтыру ережесі сақталмаған болса, онда түсі өзгермейді, яғни қара болып қалады. Бұл жағдайда «Найти» командасы бұл өріске жүрмейді.
Сұрату формасына іздестіру сөздерін, даталарды немесе нөмірлерді қате енгізген ретте, енгізу өрісі меңзерді басқару пернелерінің, [BackSp] және [DeI] пернелерінің көмегімен қалыпты тәсілмен редакцияланады.
- Егер сізде әр тілдегі бірнеше деректер базасы көрсетілсе, онда ДБ тілін таңдаңыз.
- ДБ атын таңдаңыз, егер осы тілде бірден көп база болса.
- Жұмыс істейтін құжаттарыңыздың жиымын таңдаңыз:
ü Действующие – іздеуде тек қолданыстағы құжаттар қатысады.
ü Утратившие силу – іздеуде тек күшін жойған құжаттар қатысады.
ü Все – іздеуде қолданыстағы және күшін жойған құжаттар қатысады.
- Егер «өзгертулер енгізу», «күші жойылған деп тану», «қосу, бекіту», «іссапарға жіберу», «жобалар» туралы НҚА-сыз құжаттар жиымын қалыптастыру керек болса «Кроме НПА о…» таңдаңыз.
Бұдан әрі базадан құжаттарды сұрыптау үшін өзіңізге белгілі
параметрлерді қойыңыз.
Сұратуды қалыптастырғаннан кейін іздестіру жүйесін қосу үшін «Найти» батырмасын немесе [Enter] пернесін басыңыз. Сұрату формасы тағы бір «Документы» парағымен толығады.
Сұратуды өзгерту қажет болғанда «Запрос» парағына ауысыңыз. «Очистить» батырмасы – сұратуды барлық таңдалған параметрлерден тазартады.
«Открыть» батырмалары «Сохранить» тиісінше бұрын сақталған сұратуды ашады және жаңасын сақтайды.
Сұратуды қалыптастырыңыз. «Сохранить» батырмасын басыңыз. Батырмаларме/spannbsp; nbsp;н форма шығады: «Создать» - жаңа сұратуды жасайды, «Заменить» - бұрынғы сұратуда сақталған ақпаратты айырбастайды, «Удалить» - сұратуды алып тастайды. «Создать» батырмасын таңдағанда жаңа сұратудың атауын енгізу қажет.
 
 
 
 
 
- «Слова в заголовке документа» - бұл өрісте құжаттың
тақырыбында бар сөздерді беруге болады.
Мысалы, «Слова в заголовке документа» өрісіне «салық» сөзін енгізгенде бағдарлама атауында «салық», «салықтар», «салығының», «салық салу» және т.б. сөздері бар барлық құжаттарды табады. Егер «салық#» немесе «салық!» сөзі берілсебағдарлама атауында «салық» сөзібар барлық құжаттарды тауып береді.
Сөздер бойынша іздестірудің бұл ережесі «Слова в тексте документа» өрісіне де қолданылады.
- «Слова в тексте документа» - бұл өрісте құжат мәтінінде бар
жекелеген сөздерді болмаса сөз тіркестерін беруге болады.
Сұратуды қалыптастырғанда Сіз нормативтік құқықтық актілердің тақырыбында және құжаттың мәтінінде іздестіру үшін сөздерді немесе сөздердің бөлігін беруге болады.
Сөздер немесе сөздердің бөлшегі бір-бірінен алшақ орналасуы керек.
Бұл өрістердегі алынған сөздер толық болмауы мүмкін. Егер сөздің тура өзін тапқыңыз келсе, ол сөзден кейін «#» немесе «!» белгілерін қойыңыз.
«Слова рядом» алынғанда, бағдарлама терілген сөздер қатар тұрған құжаттарды тауып береді, мысалы: «табыс салығы», «Конституциялық кеңес», «кеден бажы». Егер сіз «Слова в тексте документа» режімін таңдаған болсаңыз, онда бағдарлама сөздерді жеке терминдер ретінде іздейді, мысалы: «табыс» және «салық», «Конституциялық» және «кеңес», «кеден» және «бажы».
 
 
 
 
 
 
- «Номер групповой регистрации» (НГР) - бұл өрісте тіркеу тобының нөмірін беруге болады.
ТТН – бұл әрбір нормативтік актіге оны тіркеуге қабылдаған кезде берілетін бірегей нөмір. ТТН он бір символдан тұрады. Бірінші символ - әріп. Латын әрпі нормативтік актінің түріне сәйкес келеді:
К – Конституция, кодекс, ҚР Президентінің қаулысы, ҚР Президентінің жолдауы;
S – Конституциялық Кеңестің қаулысы;
Z – Заң;
B - Жоғарғы Кеңестің (Парламенттің) қаулысы;
U - Конституциялық заң күші бар Президенттің Жарлығы, заң күші бар Президенттің Жарлығы, ҚР Президентінің Жарлығы;
N - ҚР Президентінің өкімі;
C - ҚР Мемхатшысының актілері;
P - ҚР Үкіметінің қаулысы, ҚР Жоғарғы Сотының қаулысы;
R  - ҚР Премьер-Министрінің өкімі;
V - Ведомстволық акт, маслихаттың немесе әкімдіктің актісі;
H - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы актілері;
M - Халықаралық актілер;
Q - ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген құжаттардың үлгілері;
G - Ведомстволық актілермен бекітілген құжаттардың үлгілері;
X - Құжаттардың үлгілері;
F - Ведомстволар бойынша республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттары;
L - НҚА-ға түсіндірмелер;
T – Комментарийлер;
D - Тіркелмеген актілер;
- Сот практикасынан үзінді;
E - Мемлекеттік стандарттар.
Келесі екі символ-цифрлық, нормативтік актіні қабылдаған жылдың соңғы екі цифрына сай келеді (90,92,99,00,01,02 және т.б.). Келесі үш символ құжаттың қай ауданға жататынын анықтайды. Қалған төрт немесе бес символ - нормашығармашылық органның құжатқа таққан нөміріне сай келеді. Жоқ цифрлар нөлдермен ауыстырылады.
Мысалдар:
Р980096 – ҚР Үкіметінің 1998 жылғы № 96 қаулысы
Р951254 - ҚР Үкіметінің 1995 жылғы № 1254 қаулысы
Z010242 - Қазақстан Республикасының 2001 жылғы № 242 Заңы
Ведомстволық НҚА ТТН құжаттың қабылдау нөмірі емес, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің тіркеу нөмірі көрсетіледі.
Жергілікті өкілетті және атқарушы билік органдарының нормативтік актілерінде ТТН қалыптастырған кезде, сондай-ақ әділет органдарында тіркеу нөмірі көрсетіледі.
Әкімдіктер мен маслихаттардың нормативтік құқықтық актілерінің топтық тіркеу нөмірі келесі түрде қалыптастырылады:
V09B0003311 – Ақмола облысы әкімшілігінің 2009 жылғы Қаулысы, Ақмола облысының Әділет департаментінде № 3311 болып тіркелген, мұндағы бірінші үш символы жоғарыда айтылған ережемен қалыптастырылған. Төртінші әріптік символ актінің нақты бір облысқа немесе қалаға жататынын білдіреді:
 
А – Астана қ.
Z – Батыс Қазақстан обл.
B - Ақмола обл.
K  – Қарағанды обл.
C- Ақтөбе обл.
L - Қызылорда обл.
R - Алматы қ.
M - Маңғыстау обл.
D - Алматы обл.
N  - Қостанай обл.
T - Атырау обл.
P - Павлодар обл.
V – Шығыс Қазақстан обл.
S - Солтүстік Қазақстан обл.
G - Жамбыл обл.
U – Оңтүстік Қазақстан обл.
 
V09PDD00069 – Павлодар облысы Ақтоғай ауданы Қожамжар ауылдық округі әкімінің шешімі.
 
ТТН бойынша іздеу анықтамалықтардың көмегімен іздеуді 100% алмастыра алмайды.
 
 
 
 
- Номер принятия акта, Номер регистрации в органах юстиции, Номер регистрации в Государственном реестре НПА РК. Аталған критерийлер бойынша іздеу үшін сұрату формасының тиісті өрісінде Сіз іздеген нөмірді (немесе бірнеше нөмірді) теру керек. Бағдарлама тура сіз терген нөмірді немесе бірнеше нөмірді, сондай-ақ «- «, « _ «, «/» белгілерімен жалғасқандарды іздейді. Мысалы: 15-р, 15-7, 15/5-11, 15_3.
Енгізілген іздеу символдары нөмірлерімен дәл келген құжаттарды іздеу үшін соңына «#» белгісін қосу керек, мысалы, 15 #, сонда тек қана 15 нөмірлі құжаттар табылады.
Егер нөмірден кейін «*» белгісін қосса, бағдарлама алғашқы цифрлары енгізілген іздеу символдарымен дәл келген барлық құжаттарды табады. Мысалы: 15*- 15,151,152..., 15/7, 15/7-1...,1599 және т.б.
Нөмірлер немесе нөмірлердің бөлігі араб цифрімен теріледі. Егер бірнеше нөмірлерді табу қажет болса, онда әр нөмір пробелмен бөлінеді.
 
 
 
 
- Дата принятия акта
Егер актінің қабылданған датасы белгілі болса, онда осы датаны сұрату формасының «Дата принятия акта» өрісіне енгізіңіз: күні, айы (екі санды араб цифрымен) және жылы (төрт санды цифр) – КК.АА.ЖЖЖЖ. Мысалы: 27.10.2001, 01.02.2002. Тышқанды екі рет басып «Дата принятия акта» өрісіне ағымдағы датаны енгізіңіз.
«Дата принятия акта» өрісінің сол жағына даталар диапазонын енгізу үшін «-» (даталар диапазоны) батырмасын басыңыз. Ашылған өріске жүгіртпені екі рет басу ең ертедегі датаны (20.03.1883) енгізеді.
Белгілі бір уақыт ауқымындағы, мысалы, 2000 жылғы 01 қаңтардан 2000 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі, құжаттарды іздеуді жүргізу үшін «Дата принятия акта» өрісінің сол жағына 01.01.2000, ал оң жағына 31.12.2000 енгізіледі. Болмаса оң жағына тек қана жылды --.--.2000 теріп, «Диапазон дат» батырмасын басамыз, сонда 2000 жыл автоматты түрде қойылады.
Нақтылы айдағы құжатты қарау қажет болғанда іздеу жыл бойынша іздеген сияқты жүзеге асырылады. Дата өрісінің оң жағына --.02.2002 енгіземіз және «Диапазон дат» батырмасын басамыз. Көрсетілген мерзім автоматты түрде қойылады.
Датаны енгізу үшін өрістің жанында стандартты операцияларды пайдаланумен датаны дұрыс енгізуді қамтамасыз ететін форманы шақыру үшін арнаулы батырма бар. Датаны сондай-ақ қолмен енгізуге болады.
 
 
- Дата регистрации в органах юстиции, дата последней редакции
актіні қабылдау датасы сияқты толтырылады.
 
 
 
 
- Вид акта
«Вид акта» батырмасын басқан кезде акті түрлерінің тізімі шығады.
Бұл ретте терезенің жоғарғы жағында акті түрінің болжалды атауын енгізу өрісі орналасқан. Оның төменгі жағында акті түрлерінің тізімі орналасқан. Енгізу өрісінде Сізге қажет нормативтік акті түрінің болжалды атауын тергенде Сіз тізімнің өзгергенін және онда акті түрлерінің атауын көресіз, оның ішінде Сіз терген символдар да бар.
Сіз тізімнен қажетті атауды таңдауыңызға болады.
Қажетті актінің түрін тышқанмен айырып көрсетіңіз және «Добавить» батырмасын басыңыз, немесе керекті параметрді екі рет басыңыз, немесе оны тышқанмен таңдаған өрістің төменгі жағына аударыңыз. Тізімдегі жолды қысқарту үшін фильтрдің жоғарғы өрісіне іздеу символдарын енгізіңіз. Керегі жоқ жазбалар уақытша жоғалады.
Егер параметрде комментарий болса, онда ол тізімнің төменгі жағында сұр фонда көрінеді. Комментарий сонымен қатар фильтрдің жұмысына да қатысады.
«Del» пернесі немесе «Удалить» батырмасы бұл параметрлерді іздеуден алып тастайды. Егер «Удалить всё» батырмасын басса – таңдау өрісі тазарады.
Сізге қажет актінің түрін таңдағаннан кейін «ОК» батырмасын басыңыз.
Іздеу критерийі ретінде актінің түрі бойынша іздеу кезінде актінің бірнеше түрін таңдауға болады.
 

 
 
Іздеу үшін таңдалған ақпарат сұрату формасының сол жақ төменгі өрісінде көрінеді.
- «Раздел Базы данных», бұл критерий бойынша сұрату «Вид акта» сұратуына ұқсас қалыптастырылады.
- «Классификатор» екі түрі бар: «Дерево» және «Список». Оларды өзіңізге қажетті айдарды (тарауды) іздегенде қолдануға болады, бұл ретте тиісінше «Показать список» не «Показать дерево» батырмаларын басу керек.
«Дерево» қағидаты бойынша құрылған жіктеушіні тиісті батырманы басу арқылы ықшамдауға және ашуға болады. Бұл ретте Сіз ағаш түріндегі каталогтардың негізгі айдарларының атауларын көресіз. Айдардың атауын тышқанмен екі рет басып, оны ашасыз даайдаршаларды көресіз.
 Өзіңізге қажет айдарды таңдап, оны тышқанмен бір басқаннан кейін «Добавить» батырмасын және «Ок» батырмасын басасыз.
Егер Сіз негізгі айдарға айдаршаларымен бірге жататын барлық құжаттарды тапқыңыз келсе, «С подрубриками» жалаушасы белсенді болуы керек.
 
 
 
 
 
Егер экранға шығару түрі – «Список» таңдалса, Сізге қажетті айдардың жоба атауы енгізілуі мүмкін өріс жандандырылады. Одан төменірек жіктеушінің барлық айдарларының тізбесі орналасқан. Енгізу өрісінде Сізге қажетті айдардың жоба атауын тергенде, Сіз тізімнің өзгергенін және өзіңіз терген символдары бар айдарлардың шыққанын көресіз. Тізімнен Сіз өзіңізге қажетті атауды таңдайсыз.
Қажет айдарды тышқанмен бөліп алып, «Добавить» батырмасын басасыз, немесе қажет параметрді екі рет басасыз, немесе оны тышқанмен таңдаудың төменгі өрісіне аударасыз. «Ок» батырмасын басыңыз.
- «Орган принявший акт», «Регион действия», «Место принятия», «Орган регистрации», «Источник опубликования» критерийлері «Классификаторға»ұқсас жұмыс істейді.
Актіні қабылдаған органды таңдағанда фильтрдің жолына «Министрлік» немесе «Агенттік» деген сөзді көрсетпей ведомствоның қызмет түрін жазу ұсынылады. Мысалы: «еңбек», «қорған», «әділ» және т.б.
 
Егер «өзгертулер енгізу», «күші жойылған деп тану», «қосу, бекіту», «іссапарға жіберу», «жобалар» туралы НҚА-сіз құжаттар жиымын қалыптастыру керек болса, онда Кроме НПА о…» іздестіруді қолданыңыз. Қажет болғанда, таңдалған параметрде белгі қойыңыз.
 
 
 
 
«Логический запрос» жұмыс істеу үшін осы Нұсқауда жазылған
 бағдарламаның жалпы іздестіру мүмкіндіктерін білумен қатар «ЖӘНЕ», «НЕМЕСЕ», «ЕМЕС» командаларын пайдалана отырып, пайдаланушының логикалық ойын құрастыру шеберлігі де қажет.
 
 
 
 
Енгізу өрісіне қажетті ақпаратты теріңіз. Даталар енгізу өрісіне – қажетті датаны немесе даталар диапазонын. Қатарында тұрған стрелканы басыңыз. Ақпарат сұрату формуласына ауысатын болады.
«ЖӘНЕ», «НЕМЕСЕ», «ЕМЕС» операциялары, сондай-ақ «(«, «)» жақшалары арнайы батырмалармен қосылады.
Сұратуға анықтамалықтардан ақпарат енгізу үшін – тиісті бетте анықтамалықтың түрін таңдаңыз. Фильтрдің өрісіне іздестіру символдарын енгізіңіз. Сұрату формуласына тышқанды екі рет басып керекті іздестіру критерийін қосыңыз немесе тышқанның көмегімен ауыстырыңыз.
Номер акта, Nо юстиции, Nо в Гос. реестре. Аталған критерийлер бойынша іздеу үшін сұрату формасының тиісті өрістерінде өзіңізге қажет нөмірді (немесе бірнеше нөмірлерін) теру керек. Бағдарлама сіз терген цифрді немесе бірнеше цифрді іздейді, мысалы: 22, 223, 2235. Егер нөмірден кейін «*» белгісін қойса, онда бағдарлама алғашқы цифрлары енгізілген іздестіру символдарымен дәл келетін барлық құжаттарды табады, мысалы, 22* - 22, 221, 222..., 22/7, 22/7-1..., 2299 және т.б. нөмірлі құжаттар табылады.
Нөмірлер немесе нөмірлердің бөлігі араб цифрларымен теріледі. Егер бірнеше нөмірлерді табу қажет болса, онда әр нөмір (немесе), «|» (немесе), «&» (және) пробелімен бөлінеді.
«Номер обновления» логикалық іздестіру жолында Деректер базасының соңғы жаңарту нөмірі көрсетілген. Оң жақтағы стрелканы және «Найти» батырмасын басып, жаңартудың соңғы файлының барлық құжаттарын көруге болады. Егер жаңарту файлында құжаттар жоқ болса, онда тек қана қызметтік ақпараттың өзгергенін білдіреді.
Жаңартудың неғұрлым ертеректегі файлын қарау қажет болған кезде, «Очистить»батырмасын басып, ағымдағы жаңартудың нөмірін неғұрлым ертеректегімен айырбастап, оң жақтағы стрелканы және «Найти» батырмасын басу керек. Сүйтіп, жаңартудың соңғы бірнеше файлдарын көруге болады.
 
 
 
 
 
Іздеу нәтижесі құжаттардың тізімі түрінде қалыптасады.
Бұл терезеде мыналарды көруге болады: табылған құжаттардың жалпы
саны және іздеу нәтижесі бойынша топтамадағы құжаттың ағымдағы нөмірі, актінің атауы, оның түрі, актіні қабылдаған орган, актінің нөмірі, оның Мемлекеттік тізілімдегі нөмірі, соңғы түзетудің датасы.
Іздеу нәтижесі терезесінің төменгі жағында «Запрос» бетбелгісі бар. Оны іздестіру параметрлерін өзгерту үшін пайдалануға болады.
 
 
 
 
- Тізіммен жұмыс істей отырып, оны былай сұрыптауға болады:
- қабылдау датасы;
- акті нөмірі;
- заңдық күші;
- Мемтізілімдегі нөмірі,
- редакция датасы бойынша
өсуі бойынша да, кемуі бойынша да.
 
Назар аударыңыз: «Незарегистрированные» ДБ құжаттардың тізімі және олардың мәтіндері сары фонда шығады.
 
Тізімнен керексіз құжаттарды шығарып тастауға болады. Ол үшін құжаттың тақырыбына тышқанмен басып, «Удалить текущий документ из списка»  батырмасын басыңыз.
Тізімді сыртқы редакторға беру үшін «Открыть во внешнем редакторе»  батырмасын қолданыңыз.
Тізімді басып шығару қажет болғанда «Печать»  батырмасын қолданыңыз.
Басып шығарылған тізімнің қандайлығын білу үшін «Предварительный просмотр»  батырмасын басыңыз.
Тізімді HTML файлында сақтау үшін «Сохранить»  батырмасын басыңыз. Ұсынылған атау мен каталогты сақтау үшін өзгертуге болады.
Қалыптастырылған құжаттардың тізімін топтамада сақтауға болады. Егер Сіз белгілі бір құжаттардың тізімімен жұмыс істесеңіз – бұл қолайлы. «Сохранить в подборке»  батырмасын қолданыңыз. Бұл туралы «Топтамамен жұмыс істеу» бөлімінен оқуға болады.
«Открыть документ» батырмасы немесе атауды тышқанмен екі рет басу құжаттың мәтінін жеке терезеге шығарады.
 навигация батырмалары сізге тізімді парақтауға көмектеседі: тізімдегі бірінші құжатқа, алдыңғы, кейінгі және соңғы құжатқа. Белгілі бір реттік нөмірі бар құжатқа жылдам ауысу үшін – осы нөмірді «№ документа» өрісіне енгізіңіз және енгізуді немесе «Перейти»  батырмасын басыңыз.
Іздеу нәтижесімен жұмыс режимінде тізімді немесе карточканы және құжат мәтінін қатар көру мүмкіншілігі бар, мәтін бұл кезде көкшіл түсте болады. Құжатты жылдам қарау үшін көк түсті бөліп тұратын сызықты шеткі оң жақтан ортаға жылжытыңыз немесе «Просмотр» батырмасын басыңыз. Мәтінді тізіммен қатар қараған кезде құжаттағы сілтемелер мен суреттер көрінбейді.
 
 
 

 

«Просмотр» батырмасын қайталап басқаныңызда құжаттың мазмұны қайтадан көрінбей қалады, ал тізім экранда қалады.
Тізімнен басқа іздеу нәтижесін карточка түрінде қарауға мүмкіндік бар, ол үшін «Карточка» батырмасын басыңыз.
Карточкамен жұмыс істеген кезде, сондай-ақ «Открыть документ», навигация , «Перейти» , «Просмотр», «Открыть во внешнем редакторе» ,  «Предварительный просмотр» , «Печать» , «Сохранить» , «Сохранить в подборке», «Удалить»  батырмаларыжұмыс істейді.
 
 

 

«Карточка»-дан «Список»-кеауысу қажет болғанда, «Список» батырмасын басыңыз, сонда Сіз құжаттардың тізіміне қайтадан тап боласыз.
 
 
 
 
- Құжаттың терезесі
 
Құжаттардың тізімінен немесе карточкадан қажетті құжатты жүктеуге
болады.
Құжатты жүктегеннен кейін терезеде оның мәтіні, атауы, орган және қабылданған датасы, жоғарыда – батырмалармен панель және ізделінетін сөздерді таңдаудың төмен түсетін тізімі, одан да жоғары – жүйе жолында құжаттың ТТН, деректер базасының атауы және құжат редакциясының датасы шығады.
Егер атау мен құжаттың мәтіні ортасындағы шекаралық сызықты төмен түсірсе, құжаттың негізгі параметрлері ашылады.
Егер құжатта Деректер базасының басқа құжаттарына сілтемелер бар болса, олардың асты сызулы болады. Оған тышқанды бассаңыз, сілтеме жасалған құжатты тез ашуға болады.
Осы құжатқа сілтемесі бар Деректер базасындағы құжаттар тізімін қарау үшін «Ссылки на данный НПА из БД» қосымша парағын таңдаңыз, онда сілтемелердің жалпы санын көрсететін цифр шығады.
Осы құжатта сілтемесі бар Деректер базасындағы құжаттар тізімін қарау үшін «Ссылки в данном НПА на другие НПА БД» қосымша парағын таңдаңыз, онда осындай сілтемелердің жалпы санын көрсететін цифр шығады.
 
 

 

Құжатты алғашқы ашқан кезде нормативтік актінің қолданыстағы редакциясымен жұмыс істеуге Сіздің мүмкіндігіңіз бар.
Егер құжатқа өзгерістер енгізілсе, Деректер базасында құжаттың оған бұл өзгерістер енгізілгенге дейінгі редакциясы сақталады. «Архив НПА» батырмасы осы НҚА-ның мұрағаттағы редакцияларының жалпы санын көрсетеді. НҚА мұрағатындағы даталардың тізімі құжатқа түзетулер енгізілген даталарға сай келеді. Қарауға жеңіл болу үшін даталар тізімі нөмірленген. «Архив НПА» батырмасы құжатты бұрынғы редакциясында (мұрағаттағы) ашады.
Редакциясының датасын төмен түсетін тізімнен таңдауға болады.
Құжатты мұрағаттан басып шығарған кезде беттің жоғарғы оң бұрышында «Архив НПА» деген хабарлама басып шығарылады.
 raquo;, rteright ; Қаріптің көлемін «Размер шрифта» өрісінде өзгертуге болады. Қаріп тек ағымдағы терезеде өзгертіледі. Қаріптің тұрақты көлемін барлық құжаттарда орнату үшін «Сервис» менюіндегі «Настройraquo; өрісінің сол жағына 01.01.2000, ал оң жағына 31.12.2000 енгізіледі. Болмаса оң жағына тек қана жылды --.--.2000 теріп, Раздел Базы данныхb/bки» командасына жолданыңыз.
Құжаттың үзіндісін айырбастау буферіне көшіріп әкелу мүмкіндігі жүзеге асырылды. Мәтіннің бөлігін айырып көрсету Windows стандартты тәсілдерімен тышқанның не перненің көмегімен жасалынады. Айырып көрсетілген үзінді айырбастау буферіне Ctrl+C пернесін басу арқылы немесе тышқанның оң жақ пернесін «Копировать» командасын таңдау үшін қолданады.
 батырмасын құжатты сыртқы редакторда ашу үшін қолданыңыз. Жасыру бойынша WORD редакторын қолданыңыз. Басқа редакторды қолданғыңыз келсе, баптауды өзгертіңіз.
 және батырмаларын екі терезе режимінде құжатты басқа тілде (тиісті баптауларда) ашу үшін қолданыңыз.
 
 
Құжаттың бет сандарын анықтау үшін, сондай-ақ басылған құжаттың қандай екенін көру үшін «Предварительный просмотр»  батырмасын басыңыз.
Құжатты толықтай басып шығару үшін «Печать» - батырмасын қолданыңыз. Құжаттың бір бөлігін басып шығару үшін мәтіннің бөлігін тышқанмен бөліп алып, «Печать» батырмасын басыңыз, «Выделенный фрагмент» параметрін белгілеңіз.
 
 
Құжатты сақтау үшін «Сохранить»  батырмасын басыңыз. Екі бөліктен – ТТН + редакцияның датасы (жылы,айы,күні) тұратын атау ұсынылады.
Құжатты «Сохранить в подборке» батырмасын қолдана отырып, топтамада сақтауға болады. Толығырақ «Топтамамен жұмыс істеу» бөлімінен оқыңыз.
Егер құжаттармен бірнеше терезе ашылса, олардың кез келгенін белсенді етуге болады, ол үшін «Окно» менюінен оның ТТН және редакциясының датасын таңдау керек. Егер «Окно» менюінен «Закрыть все» командасын таңдаса, барлық белсенді терезелер жабылады.
Терезелерді жабу жүйелік менюден «Закрыть» («Close») тармағымен орындалады немесе Ctrl+F пернелер комбинациясын басумен орындалады.
- Құжаттар бойынша орын ауыстыру
Құжатты қарай отырып, Сіз басқару пернесі меңзердің: UP, DOWN,
PGUP, PGDOWN, HOME, END, LEFT, RIGHT көмегімен немесе құжат мәтінінің оң жағында орналасқан тік айналым сызғыштың көмегімен құжат бойынша орын ауыстыруыңызға болады.
Егер құжатты іздестіру кезінде Сіз, «Слова в тексте документа» өрісін толтырып, сөздік сұратуын пайдалансаңыз, табылған құжат мәтінінің жоғарғы жағындағы төмен түскен тізімде іздестіру терминдері көрінеді. Төмен түскен тізімнен кез келген іздестіру сөзін таңдап алып, Сіз таңдаған терминді тапқанша мәтінді аралап шығасыз. Ол үшін Сізге «Искать далее»  батырмасын басуыңыз қажет. Егер ауысу болмай қалса, онда бұл термин әрі қарай мәтінде жоқ деген сөз. Сөзді осы позициядан емес, құжаттың басынан бастап іздеу үшін «Искать сначала НПА» батырмасын қолданыңыз.
Өзіңізге қажет сөзді немесе сөз тіркесін құжаттың ішінен іздеу үшін оны іздеген сөздерді таңдаудың төмен түскен тізіміне енгізесіз немесе «ENTER» пернесін болмаса «Искать далее»  батырмасын басыңыз. Сөздің бөлігін де теруіңізге болады. Қазақшаға көшкіңіз келсе CTRL+K, орысшаға - CTRL+R пернелерін басыңыз.
Есіңізде болсын, іздеу осы позицияның төменгі жағынан жүргізіледі.
Сөзді немесе сөз тіркесін құжаттың басынан бастап іздеу үшін CTRL+ ENTER пернелерін бір мезгілде немесе «Искать сначала НПА»  батырмасын басыңыз.
 
 

 

Егер құжатта атауға сілтеме жасалса, тышқанмен сілтемені басып, екі терезе режимінде атаумен де, құжаттың мәтінімен де жұмыс істеуге болады. Бөлімнің, тараудың немесе нақты баптың атауын таңдаған кезде, осы бөлімнің, тараудың, баптың мәтіні автоматты түрде ашылады.
 
 
 
Бұрынғы ашылған терезеге қайтадан келу үшін «Назад»  батырмасын басыңыз.
 
 
 
 
Егер Сіз құжаттардың белгілі бір тізбегімен жиі жұмыс істесеңіз - онда
топтаманы пайдалану тиімді, оны Сіз қалағаныңызша қалыптастыра аласыз.
Кез келген сұратудың нәтижесін құжаттардың (немесе жекелеген құжаттардың) тізбесі түрінде осындай топтамаларда сақтауға болады. Тізім жасаңыз немесе кез келген құжатты ашыңыз. «Сохранить в подборке»  батырмасын басыңыз. «Выберите подборку» формасында жаңа топтаманы «Создать» батырмасының көмегімен жаңа топтаманы жасауға болады, жасалған топтамаға «Добавить» батырмасымен құжаттарды қосуға, бұл топтамаларды «Заменить» батырмасымен толығымен ауыстыруға болады. Бағдарлама ТТН тізбесін топтама файлында сақтайды.
«Удалить» батырмасын басып - қажетсіз топтамаларды алып тастауға болады.
«Закон» панелінде «Подборка» батырмасы пайда болады. Соның көмегімен бұрынғы сақталған топтамалардың тізімі шығады, оның ішінен қажетін таңдап алып, «Открыть» батырмасымен ашасыз. Сақталған топтамадағы құжаттардың тізімі шығады. Топтамада оның қалыптасу датасына тәуелсіз құжаттар базаның соңғы редакциясында ашылады. Топтаманы басқа тілде «Открыть на др. языке» батырмасы арқылы ашуға болады.
Топтаманы бір компьютер үшін дайындап, оны «Заң» ДБ-мен жұмыс істейтіндерге қалауынша таратуға болады. «Экспорт» батырмасының көмегімен топтаманы жеке файлда сақтаңыз. Бұл файлды басқа компьютерге базамен бірге көшіргеннен кейін «Импорт» батырмасының көмегімен импорттаңыз.
 
 

 
 
 
 
  «Заң» Деректер базасыныңкелесі сөздіктері бар:
- Заң терминдерінің сөздігі;
- Орысша-қазақша терминологиялық сөздік;
- Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінен алынған заң терминдерінің «Закон» Деректер базасында осы заңдарға сілтемемен бірге сөздігі (орыс тілінде);
- Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінен алынған заң терминдерінің «Заң» Деректер базасында осы заңдарға сілтемемен бірге сөздігі (мемлекеттік тілде).
Сөздіктермен жұмыс істеу үшін орталық өрістен Сізге керек терминді тышқанменмен белгілеңіз. Бұл ретте төменгі өрісте бұл терминнің мағынасы беріледі. Деректер базасындағы құжатқа сілтемелердің асты сызылып, айырып көрсетіледі. Сілтемеге тышқанды басып қалумен сілтенген құжат деректер базасынан жүктеледі. Сөздіктен Сізге керек терминді неғұрлым тез табу үшін іздеген терминді немесе сөз тіркесін жоғарғы өрісте теріңіз (жалғауды термеуге де болады). Әріптік символдарды енгізгеннен-ақ сөздіктен сөздерді іріктеу жүреді.
 
 
 
 

 

Тақырып бойынша іздеу – бұл дайын топтамаларды нақтылы тақырып бойынша осы құжаттардағы нақты бөлімдерге, тарауларға, баптарға немесе тармақтарға сілтеме жасай отырып теру. Тақырып бойынша іздеудің қағидасы сөздіктермен жұмыс істеуге ұқсас. Іздестіру мемлекеттік тілде де, орыс тілінде де жүзеге асырылады.
 
 

 

 
 
 
Жаңарту файлдарын жүктеу бағдарламасын қосу үшін, Сізге келесі әрекеттерді ретімен орындау қажет: «Пуск» - «Все программы» - «БД Закон» «Загрузка БД Закон 6.0». Немесе бағыттауыштың көмегімен /ZAN6/ тізімдемесінен LoadDb6.exe бағдарламасын қосу керек. Деректер базасының іздеу қабықшасы жабық болуы керек.
 
 
Интернеттен жаңарту файлдарын жүктеу бағдарламаларын баптау үшін, прокси сервер болмаған жағдайда, «Настройка» батырмасын басыңыз. «Скачивать и загружать файлы по одному» батырмасына белгі қойыңыз және бұл баптауларды сақтаңыз. Енді бұл бағдарламада «Загрузить» батырмасын басу кезінде бағдарлама жаңартудың қажетті файлын сайтта өзі іздейтін, оны компьютерге көшіріп және базаға жүктейтін болады.
 
 
Немесе жаңарту файлдарын Интернеттен WWW.RCPI.KZнемесе WWW.RKAO.KZ сайтынан «Скачать» бетбелгісінің көмегімен көшіруге болады.
Жаңарту файлының атауы жаңартудың реттік нөмірінен, Деректер базасы кодының атауынан тұрады және «kiv» ұлғайтуы бар.
Мысалы: ДБ атауының коды – RUS және ағымдағы жаңартудың нөмірі – 10300, онда файлдың атауы 10300.RUS.kiv болады. Олар базаға қатаң түрде рет бойынша жүктеледі.
Жаңарту файлдарын баптауда көрсетілген каталогқа орналастырыңыз. Жасыру бойынша бұл: с:/zan6/upd.
Жүктеу үшін база таңдаңыз. «Загрузить» батырмасын басыңыз. Бағдарлама жаңарту файлынан ақпаратты Деректер базасына жүктейді.
Базаны жүктеуді тоқтату үшін «Остановить» батырмасын басыңыз. Бағдарлама ағымдағы жаңарту файлын жүктеп болған соң тоқтайды. Тек осыдан кейін ғана «Выход» батырмасын басуға болады.
Жаңарту файлдарына жол ашуды баптау Деректер базасының іздеу қабықшасынан жүргізіледі (zan6.exe).
Жүктеу аяқталған соң, жаңартудың нақты файлдары табылған жоқ деген хабарлама шығады. «Выход» батырмасын басыңыз. Жаңарту файлдарының қажетті нөмірлері ауысуға тиіс, әйтпесе Сізде файлдар қалып қойған болуы керек.
Сонымен қатар, РҚАО-дан жаңарту файлдары электрондық поштамен соңғы пайдаланушыға күні бұрын дайындалған тізіммен жіберілуі мүмкін.
 
Назар аударыңыз: ДБ желілік нұсқауын жаңартқан кезде желідегі ДБ пайдаланушылардың бәрі «Заң» ДБ бағдарламасынан шығуы керек.
Егер бағдарламаны қосу «Панели управления» «Назначенные задания» көмегімен атқарылса мына параметрді қосу қажет:
LoadDB6.exe all (Барлық базаларды жүктеу үшін)
LoadDB6.exe rus  (Орыс тіліндегі базаны жүктеу үшін)
LoadDB6.exe kaz (Қазақ тіліндегі базаны жүктеу үшін)
 
Егер базаны көптен бері жүктемеген болсаңыз, онда РҚАО-да барлық базалардың соңғы күйін архивтелген түрде орналастыру бағдарламасымен бірге әрқашан көшіріп алуға болады.
 
 
 
 
Қате
 Қатенің баяндалуы және оны жою тәсілі
2
«Ошибка ввода вывода. Возможно, поврежден файл» - дискінің үстіндегі қатенің бар-жоғын scandisk бағдарламасы көмегімен тексеріңіз. Егер қате жойылмаса, компакт дискіден ДБ файлын қалпына келтіріңіз. Егер қате желілік нұсқада кетсе – орталық компьютердің аты тек ағылшын тілінде болуы қажет.
 
4
«Значение по ключу не найдено» - іздеу қабықшасын қайта орналастырыңыз.
5
«Дубликат ключевого значения»- деректер базасының файлы бұзылған. ДБ жаңа файлдары қажет болса РҚАО-ға жолданыңыз.
11
«Неверное имя файла. Проверьте доступность файла» - бағдарлама деректер базасының файлын таппады. Бағдарлама баптауларындағы деректер базасының файлының атауының және оған баратын жолдың дұрыстығын тексеріңіз.
Деректер базасының аты тиісінше RUS, KAZ, RRU, RKZ, NOR, NOK болуы қажет.
12
«Файл не найден. Проверьте доступность файла» -  деректер базасына баратын жол дұрыс көрсетілмеген болуы мүмкін.Бағдарлама баптауларындағы деректер базасының файлына баратын жолдың дұрыстығын тексеріңіз.
Деректер базасының аты тиісінше RUS, KAZ, RRU, RKZ, NOR, NOK болуы қажет.
18
«Не хватает места на диске» - дискідегі бос орынның көлемін тексеріңіз.
20
«Не активен менеджер управления записями» - компьютерде әртүрлі нұсқадағы Btrive файлдарының бірнеше көшірмелері болуы мүмкін. Немесе пайдаланушыда HKEY_ LOKAL_ MACHINE/SOFTWARE/Btrive Technologies тізілімінде толық құқығы жоқ. Немесе HKEY_ LOKAL_ MACHINE/SOFTWARE/Btrive Technologies/Microkernel Workstation Engine/Version 6.15/Settings тізілімінің Home Directory бөлімінде көрсетілген каталогқа толық құқығы жоқ.
22
«Ошибка в длине данных» - деректер базасының файлы бұзылған - ДБ жаңа файлдарын алу үшін РҚАО-ға жолданыңыз.
30
«Файл не BTRIEVE типа» - мүмкін жаңарту файлы мұрағаттан дұрыс шығарылмаған, немесе базаның файлдары толық емес не бос. ДБ жаңа файлдарын алу үшін РҚАО-ға жолданыңыз.
35
«Ошибка директории» - мұндай каталог жоқ. Желілік нұсқада пайда болуы мүмкін, деректер базасы үшін жол баптауларында көрсетілген желілік ресурстың қосылғанын тексеріңіз.
46
«Отказ в доступе к файлу» - RUS, KAZ, RRU, RKZ, NOR, NOK каталогтарындағы деректер базасы файлдарынан «только чтение» файлының атрибутын алып тастау керек. Деректер базасы файлдарына қолжетімділік құқығын тексеріңіз. Жасауға, модификацияға, жазу және оқуға қолжетімділік болу керек.
47
«Достигнуто максимальное число открытых файлов» - қабықшаны қайтадан орнатыңыз.
51
«Неверное имя пользователя » - LPT портты және HASP кілтінің бар-жоғын тексеріңіз, қажет болғанда HASP драйверін орнатыңыз.
Желілік нұсқада, мүмкін, серверде HASP лицензиясының менеджері белсенді емес.
54
«Ошибка переменной страницы данных» - деректер базасын көшірмеден қалпына келтіріңіз.
58
«Буфер компрессии слишком мал»- тізілімде Btrive деректері өте аз. Іздеу қабықшасын қайта орнатыңыз.
81
«Ошибка блокировки» - Btrive уақытша *.lck файлдарын жасай алмайды. Деректер базалары орналасқан каталогтарда жасауға және жазуға құқық беру қажет. Немесе желіні тексеріңіз.
86
«В таблице файлов нет свободного места» – Btrive файлдарды аша алмайды. HKEY_LOCAL_MACHINE\SOFTWARE\Btrieve Technologies\Microkernel Workstation Engine\Version 6.15\Settings тізілімінде Max Files параметрлерін көбейтіңіз. Компьютерді қайта жүктеңіз. Әйтпесе іздеу қабықшасын қайта орнатыңыз.
87
«Нет доступных обработчиков»- Btrive файлдарды аша алмайды. HKEY_LOCAL_MACHINE\SOFTWARE\Btrieve Technologies\Microkernel Workstation Engine\Version 6.15\Settings тізілімінде Max Files параметрлерін көбейтіңіз. Компьютерді қайта жүктеңіз. Әйтпесе іздеу қабықшасын қайта орнатыңыз.
88
«Ошибка несовместимости режимов» - іздеу қабықшасында деректер базасы ашық тұрған уақытта жаңарту файлдарын жүктеуге әрекет еткен кезде пайда болады. Іздеу қабықшасында деректер базасын жабыңыз және жаңарту жүргізіңіз. Желілік нұсқада барлық пайдаланушылар өз жұмыс станцияларында деректер базасын жапқанына көз жеткізіңіз.
94
«Ошибка разрешения» - деректер базалары орналасқан каталогтарда жасауға және жазуға құқық беру қажет.
96
«Ошибка коммуникаций»- желіні тексеріңіз
100
«Нет доступных буферов для кеширования»- іздеу қабықшасын қайта орнатыңыз.
 
Электрондық кілттермен жұмыс істеу қателерінің кодтарын ZAN6/Hasp/HASPv11-WEB.pdf файлында 212 ден 217 ге дейінгі беттерден табуға болады. Басқа қателер туындаған немесе бұларды жою мүмкін емес жағдайда – РҚАО-ға жолданыңыз.