Лингвистика орталығы

You are here

Лингвистика орталығы (бұдан әрі - Орталық) «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК (бұдан әрі - Институт) құрылымдық бөлімшесі болып табылады. 
Орталық өз қызметін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына, Институттың Жарғысына, Регламентіне  және өзге де ішкі актілеріне сәйкес жүргізеді.
 
Байланыс
Тел.: +7(7172) 26-61-07
 
 
Орталық басшысы – Нұрзада Маханбетұлы Примашев
 
Орталықтың негізгі міндеттері:
  • Заңнамалық актілердің жобалары және Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниетті халықаралық шарттар, сонымен бірге, халықаралық шарттардың жобалары бойынша ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізу;
  • Мемлекеттің қызметін құқықтық қамтамасыз ету саласы бойынша іргелі және қолоданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу.
Орталықтың функциялары:
  • Заңнамалық актілердің жобалары және Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниетті халықаралық шарттар, сонымен бірге, халықаралық шарттардың жобалары бойынша ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізу жұмыстарын ұйымдастыру;
  • Орталықтың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша уәкілетті органмен және өзге де мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
  • Ғылыми лингвистикалық сараптама аясында іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді қосқанда, ғылыми зерттеу мен өңдеу жүргізеді;
  • Заңнамалық актілердің, заң жобалары мен халықаралық шарттардың олардың теңтүпнұсқалылығын қамтамасыз ету және мемлекеттік тілдегі заң терминдерін бірізді қолдану бөлігінде лингвистикалық сараптамасының сапасын арттыру бөлігінде мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
  • Орталықтың құзыреті аясында іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу (конференциялар, семинар-отырыстар, практикалық семинарлар);
  • Институт Жарғысында көзделген өзге де функциялар.