"Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасындағы шарттық міндеттемелердің өзекті мәселелері мен жетілдіру: құқықтық реттеу, теория және практика" тақырыбындағы іргелі және ғылыми-қолданбалы зерттеу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Заңнама институтының ғылыми-әдістемелік кеңесінің 2016 жылғы 9 ақпандағы шешімімен бекітілген Қазақстан Республикасы Заңнама институтының 2016 жылға арналған жұмыс жоспарының 3-бөлімін орындау мақсатында әзірленді. "Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасындағы шарттық міндеттемелердің өзекті мәселелері мен жетілдіру: құқықтық реттеу, теория және практика" тақырыбына іргелі және ғылыми-қолданбалы зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми-талдамалық есепті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі мақұлдады және Қазақстан Республикасы Заңнама институты Ғылыми-әдістемелік кеңесінің 2016 жылғы 27 желтоқсандағы шешімімен бекітілді. Әзірлеуші: Қазақстан Республикасы Заңнама институтының азаматтық, азаматтық-процестік заңнама және Атқарушылық іс жүргізу бөлімі.