Осы ғылыми басылымда Қазақстан Республикасында құқықтық саясатты іске асыруға байланысты азаматтық құқықтың өзекті мәселелері қаралды. Ұсынылған ғылыми басылымның басты мақсаты Қазақстан Республикасының құқықтық саясатын жүзеге асыруға ықпал ететін заңнаманы жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар әзірлеу болып табылады. Атап айтқанда: қоғамдық қатынастарды реттеудің жариялы-құқықтық және жекеше-құқықтық әдістерінің арақатынасы; міндеттемені бұзғаны үшін жауаптылық қағидаларын жетілдіру бағыттары мәселелері қозғалады; тәуекелін қамтитын мәмілелерді ерікті сақтандыру; акционерлік қоғамдардың құқықтық мәртебесін жетілдіру; Қазақстан Республикасында жария құқықтың заңды тұлғаларының конструкциясын енгізу мүмкіндігі. Басылым мемлекеттік органдардың, ғылыми ұйымдардың қызметкерлеріне, заңгерлерге, оқытушыларға, докторанттарға, магистранттарға, заң университеттері мен факультеттерінің студенттеріне арналған.