Бұл ғылыми басылымға заңнаманы дамытудағы заңдылықтарды анықтау және оның тұрақтылығын арттыру мақсатында статистикалық әдістерді қолдана отырып жүргізілген зерттеулер нәтижелері енгізілген. Басылым ғылыми қызметкерлерге, оқытушыларға, студенттерге, мемлекеттік қызметшілерге, сондай-ақ ғылыми және практикалық қызметте пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру мәселелеріне қызығушылық танытқандарға арналған.