«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына ғылыми түсініктеме

Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты (бұдан әрі – Институт) халықаралық шарттар құқығының өзекті үрдістері негізінде, жекелеген құқықтанушы ғалымдардың пікірлерін ескере отырып «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына ғылыми түсініктемені (бұдан әрі – Түсініктеме) қазақ және орыс тілдерінде басып шығарды.
Түсініктемені Институттың халықаралық құқық және салыстырмалы құқықтану бөлімінің ұжымы дайындады, олардың ішінде з.ғ.д., профессорлар М.А. Сарсембаев, Е.М. Абайдельдинов бар. Авторлық ұжымның халықаралық шарттар мен халықаралық шарттардың жобаларын бағалауда мемлекеттік органдарға консультациялық және сараптамалық көмек көрсетуде практикалық тәжірибесі бар.
Басылым халықаралық шарттарды әзірлеуге, жасасуға және орындауға тікелей қатысатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарды, халықаралық заңгерлерді, оқытушыларды, заң мамандықтары бойынша бакалавриат бағдарламасы бойынша оқитын студенттерді, магистранттар мен докторанттарды, сондай-ақ халықаралық шарттар құқығына қызығушылық танытқандарды оқырмандардың кең табына арналған.
Қазақ немесе орыс тіліндегі 1 дананың бағасы – 4500 теңге.
Түсініктемені сатып алу сұрақтары бойынша мына телефон: 8 (7172) 26-61-20, 8 (775) 118 9899 арқылы хабарласуға болады. e-mail: npa@zqai.kz.