1. Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 13 қыркүйектегі № 659 Жарлығына сәйкес а.ж. желтоқсанында Қазақстан Республикасының заңнамасына аудандар, облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің тікелей сайлауын, оның ішінде пилоттық режимде өткізу үшін қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жоспарлануда.
2. «Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 18 тамыздағы № 639 Жарлығын іске асыруда өңірлерді бюджеттік қаржыландырудың жаңа моделін енгізу заң жобасы әзірленеді.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 25 сәуірдегі № 241 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылға арналған іс-қимыл бағдарламасы шеңберінде келесілерді дайындау жоспарлануда:
- Азаматтардың әлеуметтік құқықтарын жүйелеуді қамтамасыз ететін азаматтарды әлеуметтік қолдау жүйесінің заңнамалық негіздерін, жұмыссыздықты, сондай-ақ әлеуметтік саясаттағы масылдық көзқарасты төмендету тетіктерін қалыптастыру туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасы;
- Үнемді бюджет саясатының, оның ішінде:
шығыстардың өсу қарқынын және Ұлттық қордан берілетін кепілдендірілген трансферт мөлшерін шектеу жөніндегі контрциклды бюджеттік қағидаларды сақтауды;
бюджеттік тәуекелдер және мемлекеттік қаржының орнықтылығы туралы талдамалық есепте түйінді бюджеттік коэффициенттердің түбегейлі тізбесін белгілеуді көздейтін тәсілдерін енгізу туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасы;
- 2023 – 2025 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы заңдардың жобалары;
- Мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуының негіздері мен шарттарын қысқарту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы;
- Өзгерген болмысқа және озық білім беру практикасына сәйкес салалық біліктілік шеңбері мен «Педагог» кәсіптік стандартын әзірлеу.
4. Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 10 қыркүйектегі № 1005 Жарлығын іске асыруда мемлекеттік қаржысын басқару саласында нормативтік құқықтық актілері әзірленеді:
- Бюджет кодексіне Ұлттық Банкі борышын мемлекеттік борыш құрылымынан алып тастауды, мемлекеттік кепілдіктер беруге қойылатын талаптарды жетілдіруді, жергілікті атқарушы орган борышының лимитін айқындау жөніндегі тәсілдерді қайта қарауды көздейтін өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасы;
- Мемлекеттік мүлік сыныптамасын жетілдіру белігінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік мүлікті басқаруды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы;
- Кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі заң жобасын әзірлеу: бюджетті жоспарлаудың блоктық тетігінің элементтерін енгізу; бюджетті жоспарлау сатысында және бюджеттің атқарылу қорытындылары бойынша мемлекеттік шығыстардың әлеуметтік-экономикалық әсерін талдауды және бағалауды енгізу; жергілікті бюджеттерге және бюджеттерді нақтылау рәсіміне бюджет жобасын алдын ала бағалау тетігін тарату; Үкіметтің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есебінде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының және әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының нақты түсімдері мен шығыстары туралы ақпаратты көрсету;
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін басқару тұжырымдамасын әзірлеу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығының жобасы;
- «Жекешелендірудің 2021 - 2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 908 қаулысына Жекешелендірудің 2021 - 2025 жылдарға арналған кешенді жоспары объектілерінің тізбесін өзектілендіру белігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы;
- «Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олардың еншілес, тәуелді және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың активтерін бәсекелес ортаға беруден Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін түсімдердің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 4 маусымдағы № 323 қаулысына Ұлттық қорға түсетін түсімдердің толықтығын қамтамасыз ету бөлігінде өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы;
- «Квазимемлекеттік сектордың сыртқы және ішкі қарыздарына мониторинг жүргізу және бақылау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 210 қаулысына барлық квазимемлекеттік сектор субъектілерінің борышын мониторингтеуді кездейтін өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы;
- «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражаттың жұмсалуын мониторингтеу жөніндегі комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 281 өкіміне Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражаттың мақсатты, заңды және тиімді пайдаланылуын бақылау жөніндегі функцияларды бекіту бөлігінде өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің өкімі;
- Стратегиялық және бюджеттік жоспарлау саласындағы адами ресурстар қызметінің талдамалық құрамдас бөлігін күшейту мақсатында оларды дамыту женіндегі шаралардың кешенді жоспарын әзірлеу туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бірлескен бұйрығы;
- «Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиттерін айқындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 26 қарашадағы № 731 бұйрығына мемлекеттік міндеттемелердің лимиттерін айқындау әдістемесін жаңарту бөлігінде өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығы;
- «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығына инвесторға өтелетін шығындардың түрлерін (ИШӨ, ОШӨ, БЖС, кепілдіктерді қоса қаржыландыру) нақтылауға қатысты өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығы;
- «Жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисаптар әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 139 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығы.
5. «Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 264 қаулысына сәйкес келесілерді әзірлеу жоспарлануда:
- Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді қабылдау үшін осындай актілерді қабылдау мақсаттарын, олардың заңдылығын бақылау қағидаттары мен тетіктерін көрсете отырып, жекелеген мемлекеттік органдардың дискрециялық өкілеттіктерін белгілеу Қазақстан Республикасы Заңының жобасы;
- Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы заңнаманы жүйелеуге қатысты Қазақстан Республикасы Заңының жобасы;
- Заңгерлік пәндерді оқытумен айналысатын жоғары оқу орындарының лицензияларын беруге қойылатын талаптарды жоғарылату бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығы.
6. Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шараларды іске асыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 274 қаулысына сәйкес қабылданады:
- «Е-Otinish» жүйесінде жеке және заңды тұлғалар жолданымдарының барлық түрлерін қабылдау үшін "бір терезе" ретінде институцияландыруды қамтамасыз ету туралы Заңы;
- өзекті сын-қатерлерге, форс-мажорлық мән-жайларға және дағдарыстық жағдайларға жедел ден қою үшін нормативтік құқықтық актілерді қабылдау құқығын мемлекеттік органдарға беруді, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілерді, оның ішінде мемлекеттік тіркеусіз қабылдаудың ерекше тәртібін енгізу бойынша заңға тәуелді актілер;
- мемлекеттік ақпараттандыру объектілерін құру және (немесе) дамыту мерзімінің алты айға дейін қысқартылуын қамтамасыз ету бойынша заңға тәуелді актілер.
7. «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2021 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 960 қаулысына сәйкес а.ж. желтоқсанда әзірдеу жоспарлануда:
- Халықаралық және өңірлік құжаттар мен стандарттардың ережелерімен және нормаларымен үндестірілген «Органикалық өнім өндіру және оның айналымы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жаңа редакциясын әзірлеу;
- «Ауыл шаруашылығы өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсетудің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 4-6/295 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы;
- Белгіленген индикаторларға қол жеткізу жөніндегі қарсы міндеттемелерді енгізе отырып, субсидия алушыларды түпкілікті нәтиже алуға ынталандыру жөніндегі тетіктерді әзірлеу туралы Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы.
8. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 17 қыркүйектегі
№ 156-ө өкімін іске асыруда:
- саяси лауазымдар санын қысқартуға баса назар аудара аудырып, саяси қызметшілер лауазымдарының тізілімін қайта қарау туралы Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы;
- перспективасы жоғары мемлекеттік қызметшілер үшін жұмыс орнында басшы қызметкерлерді оқыту бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы;
- Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу жүргізу тәжірибесін ескере отырып, мемлекеттік қызметке іріктеу жүйесін қайта қарау туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының бұйрығы әзірлеу жоспарлануда.
9. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрлық технологияларды реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 25 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыруда:
- «Байланыс қызметтерін пайдаланушылар үшін қосылуы тегін болып табылатын шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт, авария және басқа да қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 қыркүйектегі № 929 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы;
- Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік «112» қызметі туралы үлгілік ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің және Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бірлескен бұйрығы;
- Бірыңғай кезекші-диспетчерлік «112» қызметі мен Қазақстан Республикасының аумағындағы кезекшілік диспетчерлік қызметтердің қызметін үйлестіру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің және Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бірлескен бұйрығы.
10. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 17 қарашадағы
№ 185-ө, 2022 жылғы 28 наурыздағы № 61-ө өкімдеріне сәйкес мүгедектерді әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша келесі нормативтік құқықтық актілер қабылданады:
- «Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және көрсетілетін қызметтердің сыныптауышына сәйкес мүгедектің қажеттіліктерін бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы;
- Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау қағидалары мен шарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 28 тамыздағы № 280 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұйрығы.
11. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 17 маусымдағы № 419 қаулысына сәйкес қауіпсіз еңбекті қамтамасыз ету мақсатында әзірленеді:
- "Өндірістердің, жұмыстардың, пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттер меншікті қаражаты есебінен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын, еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1562 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы;
- Экономиканың анағұрлым қауiптi салалары бойынша (тау-кен-металлургия, құрылыс, мұнай-газ және басқалары) өндірістік жарақаттануды және еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыс орындарын азайту жөніндегі жол карталарын әзірлеу және бекіту бойынша жол карталары.
12. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 25 мамырдағы № 336 қаулысына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 16 шілдедегі № 113-ө өкіміне сәйкес ғылым және білім саласында қабылдау жоспарлануда:
- "Ғылым қоры" АҚ қызметін қайта форматтау жолымен гранттық қаржыландыруға операторлық жүргізу жөнінде шаралар қабылдау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы;
- Ғылым саласында сіңірген еңбегі үшін көрнекті ғалымдарға "Үздік ғылыми қызметкер" сыйлықтарын, мемлекеттік сыйлықтар мен стипендиялар беру бойынша жыл сайынғы конкурстар өткізу туралы бұйрығы;
- Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін жалпы білім беретін пәндер циклінің немесе модулінің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы бұйрығы.
13. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 9 қыркүйектегі № 146-ө өкімімен бекітілген Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарын дамытудың 2022 – 2024 жылдарға арналған жол картасы шеңберінде:
- Азаматтық қарудың ұрлануына және заңсыз айналымға түсуіне жол бермеу мақсатында оның сақталуы мен пайдаланылуы бақылауды күшейту жөніндегі шараларды жетілдіру туралы Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің бұйрығы;
- Ішкі істер органдарындағы тәлімгерлік институтын жетілдіру туралы Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің бұйрығы.