Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру шеңберінде қылмыстық және қылмыстық - процесстік заңнамасын жетілдіру жолдары

Кітапта Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауында шешу қажеттілігіне назар аударылған қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнамасын жетілдірудің заманауи мәселелері қаралды. Сондай-ақ құқық қолдану практикасының тиімділігін арттыру және адам саудасы, мемлекеттік сатып алу саласындағы, көлеңкелі экономика саласындағы сыбайлас жемқорлық қылмыстардың алдын алу мәселелері қаралды.
Қылмыстық процесті жаңғырту, ұлттық құқықтың ЭЫДҰ елдерінің қылмыстық-процестік заңнамасының прогрессивті нормаларын қабылдауы, қылмыстық істер бойынша іс жүргізу кезіндегі іс жүргізу нысанының, бұйрықтық қылмыстық іс жүргізудің мәселелері, сондай-ақ адвокаттың қылмыстық істер бойынша дәлелдемелерге қатысуын кеңейту мәселелері қойылады. Жүргізілген зерттеулер негізінде авторлар тұжырымдар мен ұсыныстар жасады.
Кітап судьяларға, прокурорларға, тергеушілерге және құқық қорғау және арнайы органдардың басқа қызметкерлеріне, заң саласындағы оқу орындарының оқытушылары мен білім алушыларына пайдалы болады.
 
 
Файл: