1. «Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу саласын дамытудың және энергия тиімділігін арттырудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 264 қаулысына сәйкес
- мемлекеттік мекемелердің энергия тұтыну нормативтерінен асыруы,
- мемлекеттік сатып алуда энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру,
- энергия тиімділігі талаптарына сәйкес келмейтін ғимараттарды, құрылыстар мен құрылысжайларды пайдалануға беру бөлігінде әкімшілік жауаптылықты белгілеу,
- Энергетикалық ресурстарды жылына бір мың бес жүз және одан да көп тонна шартты отынға баламалы көлемде тұтынатын Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі жауапты тұлғаларды тағайындау жөніндегі міндетін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікті белгілеу бойынша «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жоспарлануда.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 16 қыркүйектегі № 353 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі “Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары” атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарына сәйкес Негізгі нарықтарды демонополизациялау үшін шаралар қабылдау туралы Президенттің Жарлығына қол қойылады.
Сондай-ақ, нормативтік құқықтық актілер топтамасы қабылданады:
- Кәсіпорындарда технологиялық және экологиялық жағдайды, денсаулық сақтау жүйесін жақсарту үшін шаралар қабылдау, оған қоса ірі өнеркәсіп өндірістерінің және инфрақұрылымдық кәсіпорындардың әрбір 5 жыл сайын технологиялық және экологиялық аудиттен өтуі жөніндегі заңнамалық талапты белгілеу;
- Аграрлық ғылымды дамыту бойынша шаралар қабылдау, оның ішінде: танылған шетелдік аграрлық ғылым орталықтарымен толыққанды ғылыми- практикалық ынтымақтастықты жолға қою;
- жекеше ғылыми-технологиялық бастамаларды қолдау және білім беру бағдарламаларын аграрлық сектордың қажеттіліктеріне бейімдеу;
- Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығын вертикалды интеграцияланған агротехнологиялық хабқа айналдыру;
- “Астана” халықаралық қаржы орталығының өңірде ESG қағидаттарының негізінде “жасыл” қаражатты тарту үшін өңірлік негізгі алаңға айналуы;
- Бюджеттің екінші деңгейіне қосымша 2 трлн теңгеден кем емес беруді қамтамасыз ете отырып, қосылған құн салығын қоса алғанда, корпоративтік табыс салығы және басқа да салықтарға төлемдердің өзге түрлері бойынша түсімдердің бір бөлігін өңірлерге беру туралы норманы тарату арқылы өңірлердің дербестік деңгейін арттыру және республикалық бюджеттен жергілікті бюджеттің жиынтық кірістеріне берілетін трансферттер үлесін кезең кезеңімен 50% - дан орта есеппен 25% - ға дейін төмендету.
3. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2024 жылғы 9 ақпандағы № 10-ө Өкімін орындау үшін ағымдағы жылғы наурызында экспорттық-кредиттік агенттік және шикізаттық емес тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) экспортын ілгерілету мәселелері бойынша мынадай нормативтік құқықтық актілер қабылданатын болады:
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 11 қарашадағы № 203 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы;
«Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігін және оның функцияларын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы;
«Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы;
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы;
«Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерлігімен берілетін қарыздарды, мемлекеттік кепілдіктерді, экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін тіркеу және есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 739 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы;
«Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 сәуірдегі № 376 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы;
«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы;
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 және 2019 жылғы 1 шілдедегі № 46 жарлықтарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 497 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы;
«Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыруға уәкілеттік берілген ұлттық даму институттарының және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей не жанама түрде мемлекетке тиесілі өзге де заңды тұлғалардың, шикізаттық емес экспортты ілгерілету жөніндегі бірыңғай оператордың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 21 қарашадағы № 932 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы;
«Банктің пруденциялық нормативтерінің және сақталуы міндетті өзге де нормалары мен лимиттерінің нормативтік мәндері мен оларды есептеу әдістемелерін, капиталының мөлшерін және Ашық валюталық позицияны есептеу қағидалары мен оның лимиттерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 13 қыркүйектегі № 170 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі басқармасының қаулысы;
«Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру брокерлері, өзара сақтандыру қоғамдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдары үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі басқармасының 2020 жылғы 12 қазандағы № 97 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі басқармасының қаулысы;
«Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі қызметінің жекелеген түрлерін жүзеге асыру шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің бұйрығы;
«Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру, сондай-ақ резервтерді қалыптастыру және олар бойынша актуарлық есеп айырысулар жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің бұйрығы;
««Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындысын әзірлеуге немесе түзетуге қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 2 шілдедегі № 60 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы;
««Қазақстан Республикасының экспортты қолдау жөніндегі мемлекеттік кепілдігін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 2 шілдедегі № 674 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы;
««Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік беру міндеттемеге мониторингті және экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдігі бар, экспортты қолдау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұлттық компанияның қаржылық жағдайын мониторингтеуді атқару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 12 ақпандағы № 138 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы;
««Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидаларын және күдікті операцияны айқындау белгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының 2022 жылғы 22 ақпандағы № 13 бұйрығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының бұйрығы;
««Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру тиімділігін бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 27 мамырдағы № 297 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығы;
««Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету кезінде қарсы міндеттемелерді айқындау және қолдану жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 27 мамырдағы № 298 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығы;
««Қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде өңдеуші өнеркәсіптің отандық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын, өңдеуші өнеркәсіптің отандық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерінің, сондай-ақ оларды сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша шығындары ішінара өтелетін ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 1 тамыздағы № 314-НҚ бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің бұйрығы;
««Қабылданған халықаралық міндеттемелерді ескере отырып, шикізаттық емес экспортты ілгерілету жөніндегі бірыңғай оператор тарапынан сақтандырылуға жататын өңдеу өнеркәсібінің отандық жоғары технологиялық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін шетелдік сатып алушыларға екінші деңгейдегі банктер, Қазақстанның Даму Банкі, лизингтік қызметті жүзеге асыратын өзге де заңды тұлғалар беретін кредиттер және жасайтын лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларын, шикізаттық емес экспортты ілгерілету жөніндегі бірыңғай оператор тарапынан сақтандырылуға жататын өңдеу өнеркәсібінің отандық жоғары технологиялық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін шетелдік сатып алушыларға екінші деңгейдегі банктер, Қазақстанның Даму Банкі, лизингтік қызметті жүзеге асыратын өзге де заңды тұлғалар беретін кредиттер және жасайтын лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау мақсаттары үшін өңдеу өнеркәсібінің отандық жоғары технологиялық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрінің 2022 жылғы 30 қыркүйектегі № 389-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің бұйрығы;
««Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік беру лимитінің сомасын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 16 мамырдағы № 69 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы;
««Өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 22 тамыздағы № 592 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығы.
4. «Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 31 тамыздағы № 748 қаулысымен отбасылардан шыққан балаларды әлеуметтік қызметтердің кешенді сүйемелдеуіне бағытталған «Әлеуметтік патронат» жобасын әзірлеу көзделген.
5. «Қазақстан Республикасында жоғары білімді және ғылымды дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 248 қаулысына сәйкес Жер қойнауын пайдаланушылардың пайдалы қазбаларды өндіруге арналған шығындардың 1 %-ы шеңберінде ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік - конструкторлық жұмыстарды қаржыландыруы тетіктерін қарау жөніндегі ғылыми-техникалық кеңестер құру бойынша ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің, ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің, ҚР Энергетика министрлігінің бұйрықтары қабылданатын болады.
6. «Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 264 қаулысын әске асыруда Соттан тыс медиация институтын одан әрі дамыту тұжырымдамасының жобасы әзірленетін болады.
Сондай-ақ сотталғандардың жазасын өтеуіне байланысты мәселелерді шешу үшін жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл тетіктерін өзгертуге қатысты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы қабылданатын болады.
7. Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің 2023 жылғы 13 желтоқсандағы №191-ө өкімімен бекітілген балалардың шығармашылық, зияткерлік әлеуетін сауықтыру және дамыту жөніндегі 2024-2026 жылдарға арналған Жол картасына сәйкес Қазақстан Республикасының Білім Министрлігі қосымша білім берудің үлгілік білім беру бағдарламаларын қоспағанда, қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын әзірлеу бойынша әдістемелік ұсынымдар қабылдайтын болады.