Онлайн-курстың аңдатпасы: «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет және туристік сақтандыру саласындағы сұрақтар мен жауаптар».

2024 жылғы 27 наурызда 15 сағат 00 минутта (мемлекеттік тілде) және 16 сағат 00 минутта (орыс тілінде) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Құқықтық ақпараттық қызметімен: «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет және туристік сақтандыру саласындағы сұрақтар мен жауаптар» тақырыбында вебинар нысанында халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша онлайн-курс өткізіледі.   
Вебинарға қатысушы бола отырып, Сіз мынадай мәселелер бойынша ақпарат ала аласыз: туристік қызмет субъектілері мен объектілері, туристік индустрия ұғымы, туристік индустриядағы қызмет түрлері, Қазақстан Республикасындағы туризмнің жіктелуі, туристік қызметті жүзеге асырудың жалпы шарттары, туристік қызмет көрсету тәртібі, шарттың мазмұны туристік қызмет көрсету, туристің құқықтары мен міндеттері, туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, туристік қызметті жүзеге асыру кезінде сақтандыру және т. б.
Вебинардың теориялық бөлімінен кейін қатысушылар тақырып бойынша қызықтыратын сұрақтарды қоюға мүмкіндік алады.
Вебинар ҚР ӘМ «ЗҚАИ» ШЖҚ РМК YouTube арнасында өткізіледі.
YouTube арнасына сілтеме https://www.youtube.com/user/rkaokz.
15.00 – де вебинар мемлекеттік тілде өткізіледі.
16.00 – де вебинар орыс тілінде өткізіледі.
Алдағы онлайн-курс бойынша қосымша ақпаратты телефондар арқылы алуға болады: 119; 8 (7172) 58 00 58.