Құрметті оқырмандар! Сіздердің назарларыңызға 2024 жылғы сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгерістеріне шолу ұсынамыз.

1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2024 жылғы 19 наурыздағы № 33-ө Өкімін  орындау үшін ағымдағы жылғы сәуірінде білім беру, тәлімгерлік және балалардың қауіпсіздігі мәселелері бойынша мынадай нормативтік құқықтық актілер қабылданатын болады:
«Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлiгінің кейбiр мәселелерi» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы;
«Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 152 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығы;
«Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 50 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы;
«Білім беру ұйымдарына қашықтықтан оқытуды ұсыну жөніндегі талаптарды және қашықтықтан оқыту бойынша және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша онлайн-оқыту нысанында оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 137 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығы;
«Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығы;
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру бөлігінде білім беру жүйесінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 719 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 843 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің және  Қазақстан Республикасы Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің бірлескен бұйрығы;
«Дуальды оқытуды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 50 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы;
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарында оқу процесін, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 52 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы;
«Мектепке дейінгі ұйымдар, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шартының, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін кәсіптік практиканы өткізуге арналған үлгілік шарттың және дуальды оқыту туралы үлгілік шарттың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 93 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы;
«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын және практика базалары ретінде кәсіпорындарды (ұйымдарды) айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 107 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы;
«Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы аккредиттеу органдарына қойылатын талаптарды және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 1 қарашадағы № 629 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығы;
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 597 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы;
«Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы;
«Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 190 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы;
«Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 219 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы;
«Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 19 маусымдағы № 254 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы;
«Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларында мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 27 сәуірдегі № 120 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің бұйрығы;
«Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 122 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығы;
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы;
«Тиісті типтердегі және түрлердегі мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы;
«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары іске асыратын білім беру бағдарламаларының тізілімін жүргізу қағидалары, сондай-ақ білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізу және алып тастау негіздерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 7 қазандағы № 417 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы;
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, діни білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 473 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы;
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, діни білім беру саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 қарашадағы № 483 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы;
«Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 486 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы;
«Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы аккредиттеу органдарына қойылатын талаптарды және орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 13 ақпандағы № 34 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы;
«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 75 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы;
«Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 435 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығы;
«Кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 10 шiлдедегi № 311 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығы;
«Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 21 шiлдедегi № 224 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы;
«Жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы;
«Білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы.
 
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 945 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту мақсатында: 
- Ісікке қарсы препараттар спектрін кеңейту, цитостатиктерді өсіру және пациенттердің дәрілік ем алу жағдайларын жетілдіруді;
- Тері ісіктері және басқа да көрінетін жерлердегі ісіктер кезінде фотодинамикалық терапияны дамытуды көздейтін құқықтық актілер әзірленетін болады.
 
3. Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 409 Жарлығын іске асыруда ҚР Заңының жобасы әзірленетін болады, онда шағымдарды беру мен қараудың тиімді рәсімдерін, құқықтық қорғау құралдары мен санкцияларды көздей отырып, халықаралық нормалар мен стандарттарға сәйкес еңбек қатынастары саласындағы «жұмыс орнындағы жыныстық қудалау» ұғымын заңнамалық бекіту жоспарланып отыр.
 
4. «Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі “Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары” атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 16 қыркүйектегі № 353 Жарлығын іске асыру мақсатында:
- Құрық портын толыққанды логистикалық кластер ретінде қалыптастыруды да қамтитын теңіз инфрақұрылымын дамытудың кешенді жоспарын әзірлеу;
- Зияткерлік меншікті қорғау бойынша қосымша құқықтық құралдарды енгізу жоспарлануда.
 
5. «Қазақстан Республикасында жоғары білімді және ғылымды дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 248 қаулысына сәйкес «Ғылым және технологиялық саясат туралы» ҚР Заңының жобасы әзірленетін болады.