1. «Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі “Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары” атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 16 қыркүйектегі № 353 Жарлығына сәйкес Аграрлық ғылымды дамыту бойынша нормативтік құқықтық актілердің топтамасын қабылдау жоспарлануда:
- танылған шетелдік аграрлық ғылым орталықтарымен толыққанды ғылыми- практикалық ынтымақтастықты жолға қою;
- жекеше ғылыми-технологиялық бастамаларды қолдау және білім беру бағдарламаларын аграрлық сектордың қажеттіліктеріне бейімдеу;
- Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығын вертикалды интеграцияланған агротехнологиялық хабқа айналдыру.
Тауар биржаларының жұмыс істеуіне қолайлы жағдайлар жасау мақсатында: импорт пен өнімсіз делдалдықтың пайдасына бәсекелестікті жоюды және сатып алу рәсімдерін айналып өту мүмкіндігін болдырмауға бағытталған реттеу талаптарын қатаңдатылады; отандық өндірушілердің озық сауда құралдарына толыққанды қол жеткізуін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданады.
2. «Қазақстан Республикасында жоғары білімді және ғылымды дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 248 қаулысын іске асыруда Ғылыми жобалар мен бағдарламалардың мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптамасының сарапшыларын іріктеуді рандомизациялау тетігін енгізу жөнінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің бұйрығы қабылданады.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 31 тамыздағы № 748 қаулысымен бекітілген Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспарға сәйкес «Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 11 маусымдағы № 789 қаулысына:
медициналық-әлеуметтік есепке алуды жүргізу тетігін бекіту;
облыстық, қалалық және аудандық деңгейлердің өкілеттіктерін бөлу;
жағдайды басқару (кейс-менеджмент) моделін енгізу бөлігінде өзгерістер енгізу бөліктерінде өзгерістер енгізіледі.
4. «Балаларды сауықтыру және олардың шығармашылық, зияткерлік әлеуетін дамыту жөніндегі 2024 – 2026 жылдарға арналған жол картасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2023 жылғы 13 желтоқсандағы № 191-ө өкімімен «Балаларды сауықтыруды және олардың демалысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығын әзірлеу және бекіту көзделген.
5. «Қазақстан Республикасының аумағына автомобиль көлігімен тауық жұмыртқаларын әкелуге тыйым салуды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 24 сәуірдегі № 136 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 25 сәуірде № 34301 болып тіркелген) 1 мамырдан бастап күшіне енеді.
6. Қазақстан Республикасының аумағынан қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын, сондай-ақ пайдалануда болған құбырларды, рельстерді, теміржол төсемінің элементтерін және жылжымалы құрамды әкетуге алты ай мерзімге тыйым салуды енгізуге қатысты «Қара және түсті металдар сынығы мен қалдықтарын тасымалдаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 23 сәуірдегі № 145 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 23 сәуірде № 34290 болып тіркелген) 5 мамырдан бастап күшіне енеді.