Skip to main content

Құрметті оқырмандар!

       «Сіздердің назарларыңызға 2025 жылғы қараша айындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгерістеріне шолу ұсынамыз». 

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспарына сәйкес (ол Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 27 желтоқсандағы №1132 қаулысымен бекітілген), 2025 жылғы қараша айында Қазақстан Республикасы Парламентіне келесі заң жобалары енгізіледі: 

  • «Рейтингтік қызмет туралы»;
  • «Жаңартылатын энергия көздерін дамыту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»;
  • «Телекоммуникация нарығы мен деректерді өңдеу орталықтарын дамыту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»;
  • «Рейтингтік қызмет мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне толықтырулар енгізу туралы». 

Инвестициялық саясат және қаржы секторын дамыту 

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 13 қазандағы № 1042 «Мемлекет басшысының 2025 жылғы 8 қыркүйектегі «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын орындау мақсатында, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Активтерді қайтару жөніндегі комитетін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Инвесторлардың құқығын қорғау комитеті ретінде қайта құру туралы жарлыққа қол қойылады. 

Жер қойнауын пайдалану 

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 20-р өкіміне сәйкес, биылғы жылдың қараша айында Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің «Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қоры жөніндегі орталық комиссия туралы ережені бекіту туралы» бұйрығы қабылданатын болады. 

Сауда қызметі 

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2024 жылғы 17 мамырдағы № 68-р өкімін іске асыру мақсатында сауда қызметі саласында келесі бұйрықтар қабылданатын болады: 

  • Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы бұйрығы;
  • Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 280 бұйрығымен бекітілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы бірлескен бұйрығы;
  • Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 1 ақпандағы № 49 бұйрығымен бекітілген «Сауда қызметін реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасының сақталуын тексеру парағын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы бірлескен бұйрығы;
  • Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігінің Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы №282 «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығын күшін жойылған деп тану туралы бұйрығы. 

Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы 

      2025 жылғы 1 қарашадан бастап Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2025 жылғы 4 шілдедегі №493 «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының объектілерінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік-құқықтық актілерге жоғары эпидемиялық маңызы бар объектінің сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы бұйрығы қолданысқа енгізіледі.