2024 жылғы 22 мамырда 15 сағат 00 минутта (мемлекеттік тілде) және 16 сағат 00 минутта (орыс тілінде) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Құқықтық ақпараттық қызметімен: «Қазақстан Республикасындағы мұрагерлік саласындағы сұрақтар мен жауаптар» тақырыбында вебинар нысанында халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша онлайн-курс өткізіледі.
Вебинарға қатысушы бола отырып, сіз келесі сұрақтар бойынша ақпарат ала аласыз: мұрагерлік туралы жалпы ережелер, мұрагерліктің негіздері, өсиет бойынша мұрагерліктің және заң бойынша мұрагерліктің жалпы ережелері, мұраны сатып алу, мұраға құқық туралы куәлік беру, кредиторлардың мұра қалдырушының қарыздарын өндіріп алуы және т. б.
Вебинардың теориялық бөлімінен кейін қатысушылар тақырып бойынша қызықтыратын сұрақтарды қоюға мүмкіндік алады.
Вебинар ҚР ӘМ «ЗҚАИ» ШЖҚ РМК YouTube арнасында өткізіледі.
15.00 – де вебинар мемлекеттік тілде өткізіледі.
16.00 – де вебинар орыс тілінде өткізіледі.
Алдағы онлайн-курс бойынша қосымша ақпаратты телефондар арқылы алуға болады: 119; 8 (7172) 58 00 58.