Құрметті оқырмандар! Сіздердің назарларыңызға 2024 жылғы шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгерістеріне шолу ұсынамыз.

 
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 12 маусымдағы № 454 қаулысымен бекітілген Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың 2024 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту стратегияларын (мастер-жоспарларды) әзірлеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды дайындау және бекіту туралы әдістемелік ұсынымдар әзірленеді. 
 
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің адам саудасына байланысты қылмыстың профилактикасы, оның алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі 2024 – 2026 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 қарашадағы № 1048 қаулысымен шілде айында «Электрондық еңбек биржасы» жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық платформасында жұмыс берушілер мен жеке жұмыспен қамту агенттіктерін тіркеу кезінде балалар еңбегін пайдалануға, адамдарды жыныстық қатынаста және (немесе) өзге де пайдалануға тартуға жол бермеу жөніндегі ақпараттық шараларды жүзеге асыру бөлігінде «Электрондық еңбек биржасы» жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық платформасының  пайдаланушы келісіміне толықтырулар енгізу жоспарлануда.
 
3. «Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 31 тамыздағы № 748 қаулысымен «Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде психологиялық-педагогикалық қызметті дамыту моделін қабылдау туралы» ОМ бұйрығын әзірлеу жоспарлануда.
 
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 248 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында жоғары білімді және ғылымды дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес шілдеде Резидентураға бірыңғай ұлттық қабылдау емтиханын әзірлеу туралы бұйрық қабылданатын болады. 
 
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 264 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарына сәйкес шілде айында «Әзірлеуші органдар үшін нормативтік құқықтық актінің жобасына енгізілетін реттеудің бизнес-процесі моделінің сипаттамасын қоса беру міндетін белгілеу» ҚР ҮҚ қабылданаты болады. 
 
6. С Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 960 қаулысан сәйкес а.ж. шілдеде «Қазақстанның Өсімдіктердің жаңа сорттарын қорғау жөніндегі халықаралық одаққа қосылуын регламенттейтін заңнамалық шаралар қабылдау» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын қабылдау жоспарлануда. 
 
7. «2023 жылғы 20 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексін іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2023 жылғы 18 мамырдағы № 79-ө өкімін жүзеге асыру мақсатында «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерінің мөлшерін айқындау және оларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» ҚР ҮҚ қабылдау жоспралануда.