Құрметті оқырмандар! Сіздердің назарларыңызға 2024 жылғы қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгерістеріне шолу ұсынамыз.

1. Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 16 қыркүйектегі № 353 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарына сәйкес  Бүкіл энергетика саласын баскару тәсілдерін жетілдіру, оған қоса: сутегі энергетикасын дамытуды; энергетикалык машина жасауда технологиялардың трансфертін және өндірістерді жергілікті жерге орналастыруды ынталандыру бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі нормативтік құқықтық актілер пакетін қабылдайтын болады.
 
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 264 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарына сәйкес ҚР ӘМ, ҚР ҰЭМ нормативтік құқықтық актілерді келісу рәсімдерін оңтайландыру және оларды қабылдау тәртібін одан әрі оңайлату жөніндегі заң жобасын ұсынуды тапсырды.
 
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 248 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында жоғары білім мен ғылымды дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру мақсатында ҒЖБМ бірқатар бұйрықтар қабылдайды: 
- ҰБТ нәтижелеріне және өзге де көрсеткіштерге қарай сараланған гранттарды (30-дан 100 %-ға дейін) енгізу;
- ЖЖОКБҰ-да оқу ақысын төлеуге жылдық 2-3 %-бен ұзақ мерзімді жеңілдетілген кредиттер алу мүмкіндігін ұсыну;
- халық тығыз қоныстанған өңірлер мен өңірлерден білім ретінде үлкен алшақтықпен оқуға түсушілер үшін елдің жетекші ЖЖОКБҰ-на даярлаудың техникалық бағыттары бойынша нысаналы гранттар бөлу туралы;
- Халық тығыз орналасқан өңірлер мен білім беру сапасында үлкен айырмашылық бар өңірлерден еліміздің жетекші ЖЖОКБҰ-на оқуға түсушілер үшін техникалық бағыттар бойынша даярлау жөніндегі нысаналы гранттар бөлу.
 
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 249 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының уақтылы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Білім министрлігі Мектепалды даярлықтан өтпеген, мектепке нашар дайындалған балаларды мектепке бейімдеу бағдарламасын әзірлеуді және енгізуді сондай-ақ зерттеу нәтижелері мен халықаралық тәсілдер негізінде әр 5-7 жыл сайын стандарт пен оқу бағдарламаларын қайта қарау туралы бұйрық қабылдау жоспарлайды. 
 
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 264 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес ИИДМ, Қаржымині, ҰЭМ энергия үнемдеу жөніндегі жобаларды қаржылық қолдау шараларын іске асыруға халықаралық қаржы ұйымдарының қаражатын тарту жөніндегі келісімге қол қояды.
 
6. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2024 жылғы 16 шілдедегі 
№ 98-ө өкімімен мынадай нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту көзделген:
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы;
- Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының зейнеткерлік жасқа толған академигіне өмір бойғы ай сайынғы стипендияның мөлшерін белгілеу және оны төлеу қағидаларын бекіту туралы;
- Ұлттық ғылым академиясының ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметін қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы;
- Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының кейбір мәселелері туралы;
- Технологиялардың әзірлігі мен ұйымдардың технологиялық әзірлігі деңгейлерін айқындау әдістемесін бекіту туралы;
- Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына «Зерттеу университеті» мәртебесін беру қағидалары мен өлшемшарттарын бекіту туралы;
- Бюджет қаражаты есебінен және ұсынылатын салық жеңілдіктер шеңберінде қаржыландырылатын ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы;
- Ғылыми әдептің үлгілік қағидаларын бекіту туралы;
- Мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы;
- Ғылыми-техникалық кеңес туралы үлгiлік ережесін бекiту туралы
- Мемлекеттік тапсырысты орындайтын мемлекеттік ғылыми ұйымдар мен мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ғылыми қызметкерлеріне еңбекақы төлеу қағидаларын бекіту туралы;
- Коммерцияландыру жобаларына мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама, сараптама жүргізу, сұралатын қаржыландыру көлемі сомасының негізділігін бағалау жөніндегі қазақстандық сарапшылар көрсететін қызметтер құнының әдістемесін бекіту;
- Ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың, ғылыми және (немесе) ғылыми техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын орындау және аяқтау сатыларында олардың іске асырылуын мониторингтеу туралы ережені бекіту туралы;
- Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды гранттық қаржыландыруды қолдап отырудың көрсетілетін қызметтері құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы;
- Ұжымдық пайдаланымдағы ғылыми зертханалар туралы үлгілік ережені бекіту туралы;
- Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алуға қорғалған диссертацияларды мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы;
- Ғылыми бағыттар сыныптауышын бекіту туралы;
- Бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылардың ғылым саласындағы міндеттемелері шеңберінде жер қойнауын пайдаланушылардың қаражатынан қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын және олардың орындау жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алу қағидаларын бекіту туралы;
- «Үздік ғылыми қызметкер» жыл сайынғы сыйлығын беру қағидаларын бекіту туралы;
- Еңбекақы төлеу базалық қаржыландыру шеңберінде жүзеге асырылатын жетекші ғалымдарға қойылатын талаптарды бекіту туралы;
- Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академиктерін сайлау қағидалары мен өлшемшарттарын бекіту туралы;
- Мемлекеттік ғылыми-техникалық сраптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы;
- Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу туралы есептің негізінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруға (сатып алуға) арналған шығыстар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жөніндегі, пайдалануға беру актісі бар есептің негізінде ғылыми орталықтар құруға арналған шығыстар бойынша ғылыми орталық құру туралы, ендіру актісі бар ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар нәтижелерін ендіру туралы есептің негізінде ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүзеге асыруға (сатып алуға) арналған шығыстар бойынша ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жөніндегі хабарламаларды беру нысанын, мерзімі мен қағидаларын бекіту туралы;
- Іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың тізбесін бекіту туралы;
- Орындаушының әлеуметтік аударымдардың, міндетті зейнетақы жарналардың, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналардың мөлшерлемелерін айқындауы, интернет-платформа операторының жеке табыс салығын, міндетті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарды ұстап қалуы және аударуы, сондай-ақ интернет-платформа операторы төлеген сомаларды бөлу және аудару, қате (артық) төленген әлеуметтік аударымдардың, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналардың сомаларын және (немесе) интернет-платформа операторына уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдарды қайтару қағидаларын бекіту туралы.
 
7. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2024 жылғы 29 шілдедегі № 105-ө өкімімен мынадай нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту көзделген:
- Адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ережені бекіту туралы;
- Адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік комиссия туралы үлгілік ережені бекіту туралы;
- Адам саудасы құрбандарына көмек көрсету және арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну үшін оларды қайта бағыттау тәртібін бекіту туралы;
- Адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы қауіп-қатерлерді бағалауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы.