Құрметті оқырмандар! Сіздердің назарларыңызға 2024 жылғы қазандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгерістеріне шолу ұсынамыз.

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 12 маусымдағы № 454 қаулысымен бекітілген Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың 2024 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігімен Стационарлардың төсектік қуатына, амбулаториялық-емханалық ұйымдардың және медициналық көмек көрсететін басқа да денсаулық сақтау ұйымдарының өндірістік қуатына қажеттілікті айқындау жөніндегі әдістемелік ұсынымдар әзірленеді.
 
 
2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2024 жылғы 2 тамыздағы № 112-ө Өкімін  орындау үшін 2024 жылғы қазанында мынадай нормативтік құқықтық актілер қабылданатын болады:
- «Күзет қызметi туралы» Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөнiндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 5 сәуірдегі № 407 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы;
- ««Ұлттық компаниялардың күзет ұйымдарын құру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 тамыздағы № 909 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы;
- «Тіркелген тарифтерді және шекті аукциондық бағаларды айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 271 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы;
- «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзетін кеме экипажының құрамына шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың кiру мүмкiндiгiнің шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 мамырдағы № 469 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы;
- «Тіркелген тарифтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 маусымдағы № 645 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы;
- «Кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1091 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы;
- «Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардың құрамына енгізілетін жеке тұлғалардың дербес деректерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 26 ақпандағы № 117 қаулысының күшін жою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы;
- «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қаңтардағы № 36 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы;
- «Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын байланыс операторларының және (немесе) байланыс желілерін иеленушілердің жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын техникалық тұрғыдан жүргізу үшін өзінің телекоммуникациялық жабдығының функцияларын өз қаражаты немесе тартылған қаражат есебінен қамтамасыз ету қағидаларын және байланыс желілері мен құралдарына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 358 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы;
- «Таңбалауға жататын тауарлардың тізбесін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 10 қыркүйектегі № 568 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы;
- «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы;
- ««Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау кезінде әскерилендірілген күзетті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 365 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» КМ бұйрығы;
- «Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 992 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» ІІМ бұйрығы;
- «Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен), азаматтықтан шығу, азаматтықты жоғалту мен одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері бойынша өтінішхаттарды (өтініштерді) ішкі істер органдарының қабылдау, ресімдеу және қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 85 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» ІІМ бұйрығы;
- «Шетелде Қазақстан Республикасы азаматының паспортын алуға үміткер Қазақстан Республикасының азаматтарынан, Қазақстан Республикасының визаларын алу кезінде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардан дактилоскопиялық ақпарат жинау және өңдеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2018 жылғы 28 ақпандағы № 11-1-4/71 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» СІМ бұйрығы;
- «Күзет қызметі саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 28 наурыздағы № 261 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» ІІМ бұйрығы;
- «Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 267 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» ІІМ бұйрығы;
- «Тау-кен металлургия өнеркәсібі саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 5 мамырдағы № 269 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» ӨҚМ бұйрығы;
- «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану есебінен өндірілетін электр энергиясына тарифтерді салыстырып талдау үшін мемлекеттер тізбесін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің 2014 жылғы 16 мамырдағы № 188-ө бұйрығының күші жойылды деп тану туралы»  ЭМ бұйрығы;
- «Өңделмеген табиғи алмастардың халықаралық сертификаттау схемасының сертификат нысанын бекіту және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары –Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 5 қазандағы № 677 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы» ӨҚМ бұйрығы;
- «Қазақстан Республикасында шикізат тауарларынан бағалы металдарды өнеркәсіптік алудың мүмкіндігі (мүмкін еместігі) және экономикалық тұрғыдан орындылығы (орынсыздығы) туралы және Қазақстан Республикасының аумағында құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын қайта өңдеудің экономикалық тұрғыдан орынсыздығы немесе мүмкін еместігі туралы қорытындылардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 21 қарашадағы № 797 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы» ӨҚМ бұйрығы;
- «Деректерді басқару жөніндегі талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2022 жылғы 14 қазандағы № 385/НҚ бұйрығының күші жойылды деп тану туралы» ЦДИАӨМ бұйрығы.