1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 41-ө өкіміне сәйкес Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет «Салық тіркелімдерінің нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 388 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығын бекіту жоспарлануда.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 12 маусымдағы № 454 қаулысымен бекітілген Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың 2024 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес Денсаулық сақтау инфрақұрылымы объектілерін, оның ішінде МЖӘ объектілері бойынша күтіп-ұстау мен оларға қызмет көрсетудің бірыңғай тәсілдері жөніндегі әдістемелік ұсынымдар әзірлеу (facility management) жоспарланған.