Журналда жариялау үшін ұсынылатын қолжазбалар электрондық және/немесе қағазға басылған пішімде және мынадай талаптарға сәйкес болуы тиіс:
1. екі (қазақ, орыс) тілде берілуі тиіс;
2. құқықтық тақырыпқа арналуы тиіс;
3. мақалалардың атауы олардың мазмұнын ашуы тиіс;
4. Рецензенттің осы қолжазбаға оң рецензиясы болуы тиіс;
5. ұсынылатын қолжазбаның ең аз көлемі аралықты қоса алғанда 10 000 баспа таңбасынан тұрады (А4 пішімінде басылған мәтіннің 4 беті), қарпі- Times New Roman, мөлшері-14;
6. ұсынылатын қолжазбаның ең көп көлемі аралықты қоса алғанда 15 000 баспа таңбасынан тұрады (А4 пішімінде басылған мәтіннің 6 беті), қарпі- Times New Roman, мөлшері-14;
7. беттері нөмірленген, жол жиектері кемінде 2 см, бір жарым жол аралығы А4 пішімде парақта басылған екі данадағы қағаз, сондай-ақ электрондық тасымалдағыштағы қолжазбалар қабылданады. Егер цитата алғашқы дереккөзден келтірілмесе, онда цитата дереккөзінің деректері нақтыланып көрсетіледі (Цит.: );
8. электрондық анықтамалық жүйелерден және Интернет желісінің ресурстарынан (осы жүйенің атауын және тиісті бөлімді көрсете отырып) алынған мәліметтерге де сілтеме жасалуы мүмкін;
9. кеңейтілімі 300 DPL фотографиялық суреттер пайдаланылған қолжазбалар (мақалалар) қабылданады (сәйкес болмаған жағдайда, Журнал редакциясының ұқсас фотографиялық суреттер мен бейнелерге ауыстыруға құқығы бар);
10. Рецензент қолжазбамен танысып, оған байланысты бағасын берген соң, осы мақаланың бейімге, тақырыпқа, жазылу стиліне және т.б. сәйкестігі немесе сәйкессіздігі еместігі туралы жазбаша қорытынды береді;
11. журналда жариялау үшін ұсынылған қолжазбаларды рецензиялау мерзімдері Рецензент қолжазбаны алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспауы тиіс;
12. журналда жариялау үшін ұсынылған қолжазбаны бағалау барысында мынадай критерияларды басшылыққа алады:
1) журналда қолжазбаны өзгеріссіз жариялау мүмкіндігі туралы қорытынды;
2) журналда қолжазбаны түзетулер енгізген соң жариялау мүмкіндігі туралы қорытынды;
3) қолжазбаны жариялауда қабылдай алмау уәждемесі.