БІЗДІҢ МІНДЕТТЕРІМІЗ:
-
Қазақстан Республикасының заңнамасын мемлекет пен құқықтың стратегиялық дамуының өзекті бағыттары бойынша қазіргі цифрлық технологияларды қолдана отырып, тиімді ғылыми әдістемелер негізінде жетілдіруге ықпал ету.
-
Өзінің мазмұнымен қоғам өмірінің тікелей құқықпен байланысты неғұрлым маңызды салаларындағы мемлекеттілік, құқықтық реттеу проблемаларын қамтитын заң ғылымына елеулі үлес қосу.
-
Тиімді әрі толыққанды түсіндіру жұмысын қамтамасыз ету мақсатында халыққа анықтамалық-консультациялық қызмет көрсету арқылы құқықтық насихатты қалыптастыру және дамыту.
-
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік бірыңғай есебін жүргізу және оларды цифрлық технологияларды қолдану арқылы ресми жариялау.
БІЗДІҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫМЫЗ:
АДАМ РЕСУРСТАРЫ
Адам — қоғамның негізгі құндылығы.
Біздің жетістігіміз кәсіпорынның тармақталған желісіне жүгіне отырып біздің команданың мақсаткерлігі мен құзыреттілігіне негізделеді.
КЛИЕНТКЕ БАҒДАРЛАНҒАН
Клиенттер - біздің басты құндылығымыз.
Әрбір қызметкердің негізгі міндеті – клиенттің артқан сенімін ақтай отырып, қажеттілігін анықтап, тиімді қанағаттандыру.
КӘСІПҚОЙЛЫҚ
Әрбір қызметкердің және барлық ұжымның тұрақты кәсіби дамуы үшін жағдайлар жасай отырып, қойылған мақсаттарға жетеміз.
ЖАУАПКЕРШІЛІК
Клиентер, серіктестер алдында өзімізге алған міндеттерді орындаймыз және ұзақ мерзімді қатынастарға бағытталғанбыз.
ИННОВАЦИЯЛЫҚ
Ең үздік шешімдерді іздейміз, компания қызметінің барлық салаларында жаңа технологияларды енгіземіз және алдыңғы қатардағы жобаларды іске асырамыз.
АДАЛДЫҚ
Әділдік және өзара сыйластық негізіндегі қызметтің айқындылығын және ұжымдық әдепті сақтау қағидаттарын ұстанамыз.