Сәлеметсіз бе!Реестр должников тізімінен чси алады ма, әлде министерство ма?Маған чси министерство 10-15 күннің ішінде алып тастайды деді. Сосын возврат без исполнение деген не?Рақмет
Құрметті Нурсауле!
Өтінішіңіз үшін алғыс білдіреміз және аталған сұрақ ҚР ӘМ «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК-ның құзыретіне кірмейтіндігің хабарлаймыз.
ҚР 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 261-IV «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңының 36 б. 3 т. сәйкес (бұдан әрі - Заң), сот орындаушысы осы Заңның 48-б. көзделген негіздер бойынша аяқталған атқарушылық іс жүргізу бойынша атқарушылық құжат талаптарының орындалғаны туралы мәліметтер алған кезде үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға борышкерді Борышкерлердің бірыңғай тізілімен алып тастау үшін тиісті ақпарат жібереді.
Сондай-ақ, Заңның 48 б. 1 т. сәйкес, өндiрiп алу жүргiзiлмеген немесе толық көлемде жүргiзiлмеген атқарушылық құжат сот орындаушысының қаулысы бойынша қайтарылады.
Сіздің назарыңызды аударамыз, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 60-б. 4-т. сәйкес, бұл түсініктеме ұсынымдық сипатқа ие және өтінішті қарау кезіндегі жағдай бойынша ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес келеді.
Қосымша хабарлаймыз, атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша, сот орындаушылардын әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) өтініштер мен шағымдарды Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Құқықтық ақпарат қызметі келесі телефондар бойынша қабылдайтынын хабарлаймыз: 119 – (ұялы байланыс операторларын қоспағанда, бүкіл Қазақстанның стационарлық телефондары үшін, 58- 00-58 – Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары үшін тегін, 871725880058 (байланыс операторларының тарифі бойынша ұялы құрылғылардан теру).