695

You are here

Дата: 
08.01.2024 - 19:45
Автор: 
Арсен Талапов
Статус: 
Отвеченные
Вопрос: 

Саламатсыздарма! Менің сұрағым осы ЖОО бакалавр дипломы соңғы экзамен откеннен кейін неше күнде берілуі қажет? 18 қазан күні соғы экзамендер болып еді. Енді қаңтардың 7 сі болды әлі жоқ диплом. Астанадан бланкі келмей жатыр деген сылтау айтады. Не істеуге болады?

Ответ: 

Құрметті Арсен!

 

Сіздің өтінішіңізді қарап, бұл сұрақ ҚР ӘМ «Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК-нің құзыретіне кірмейтінін хабарлаймыз.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 «Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» қаулысының 15-тармағының 2-3)-тармақшасының функцияларцияларының біріне «бакалавр» немесе «магистр» дәрежесін бере отырып, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімге ақы төлеу үшін білім беру грантын тағайындау қағидаларын әзірлеу және бекіту жатады.

Осыған байланысты, Сіздің сұрағыңызды шешу үшін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігін жүгінуді ұсынамыз https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/activities/population?lang=kk .

Сіздің назарыңызды аударамыз, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 60-б. 4-т. сәйкес, бұл түсініктеме ұсынымдық сипатқа ие және өтінішті қарау кезіндегі жағдай бойынша ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес келеді.

Қосымша хабарлаймыз, атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша, сот орындаушылардын әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) өтініштер мен шағымдарды Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Құқықтық ақпарат қызметі келесі телефондар бойынша қабылдайтынын хабарлаймыз: 119 – (ұялы байланыс операторларын қоспағанда, бүкіл Қазақстанның стационарлық телефондары үшін, 58- 00-58 – Астана, Алматы қалалары үшін тегін, 871725880058 (байланыс операторларының тарифі бойынша ұялы құрылғылардан теру).