Әссәләму Аләйкум! Айтыңызшы, Банкротство заңы қабылданды ғой,мен онымен таныссамба дебем,көмектеріңіз қажет. Рахмет
Құрметті Қанат!
Сіздің өтінішіңізді қарап, бұл сұрақ ҚР ӘМ «Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК-нің құзыретіне кірмейтінін хабарлаймыз.
Қазақстан Республикасының «Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы № 176-V Заңы кредиторлардың талаптарын борышкер толық көлемде қанағаттандыруға қабілетсіз болған кезде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді, берешекті қайта құрылымдау рәсімін, оңалту рәсімін қолдану және борышкерді банкрот деп тану, борышкерді банкроттық рәсімін қозғамай тарату үшін негіздерді белгілейді, сондай-ақ оларды жүргізу тәртібі мен шарттарын айқындайды. Осыған орай, «Оңалту және банкроттық туралы» Заңымен мына сілтеме бойынша таныса аласыз https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1400000176
Сіздің назарыңызды аударамыз, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 60-б. 4-т. сәйкес, бұл түсініктеме ұсынымдық сипатқа ие және өтінішті қарау кезіндегі жағдай бойынша ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес келеді.
Қосымша хабарлаймыз, атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша, сот орындаушылардын әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) өтініштер мен шағымдарды Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Құқықтық ақпарат қызметі келесі телефондар бойынша қабылдайтынын хабарлаймыз: 119 – (ұялы байланыс операторларын қоспағанда, бүкіл Қазақстанның стационарлық телефондары үшін, 58- 00-58 – Астана, Алматы қалалары үшін тегін, 871725880058 (байланыс операторларының тарифі бойынша ұялы құрылғылардан теру).