763

You are here

Дата: 
21.03.2025 - 13:00
Автор: 
Жанибек Файзуллаевич
Статус: 
Отвеченные
Вопрос: 

Қалдарыңыз қалай құрметті сайт өкілдері ....

Менің сұрағым сіздердің сайттарыңызда жариялған Оқу-ағарту министірлігінің №514 бұйырығындағы тізімдерге кімдер енеді және қалай ол тізімге кім енгзеді менің оқу орталығыммен екі журналым енбей қалаған екен соған кім жауапты нақты айтсаңыздар. Ол тізімге ену үшін қандай шарттарды орындау керек немесе қандайда бір талаптары барма оған кім жауапты ?

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесін және оларды іріктеу өлшемшарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 514 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 27 желтоқсанда № 7355 тіркелді.
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1100007355

Ответ: 

Құрметті Жанибек Файзуллаевич!
Сіздің өтінішіңізді қарап, бұл сұрақ ҚР ӘМ «Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК-нің құзыретіне кірмейтінін хабарлаймыз.
Алайда, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 60-бабының 3-4тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарына ресми түсіндірмені соларды қабылдаған (шығарған) уәкілетті органдар немесе лауазымды адамдар береді.
Мемлекеттік саясатты жүргізетін, белгілі бір салада (қызмет аясында) реттеуді және басқаруды жүзеге асыратын немесе құзыретіне тиісті мәселелерді шешу жатқызылған мемлекеттік органдар не өзге де мемлекеттік органдар өздеріне берілген өкілеттіктерге сәйкес жеке немесе заңды тұлғалардың жүгінуі бойынша нақты субъектілерге қатысты немесе нақты жағдайға қолданылатын нормативтік құқықтық актілерге өз құзыреті шегінде түсіндірмелер беруге міндетті.
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлiгінің кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 22 қазандағы № 984 қаулысының 13 тармағының 68 тармақшасына сәйкес соңғы үш жылдағы жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың, республикалық және халықаралық конкурстар мен спорттық жарыстардың тізбесін айқындау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің функцияларына жатады.
Осыған байланысты, Сіздің сұрағыңызды шешу үшін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігіне жүгінуді ұсынамыз
https://eotinish.kz/sendAppeal?orgId=18266&utm_medium=cpc&utm_campaign=gov_kz&utm_content=gov_kz
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 60-бабының 4-тармағына сәйкес, бұл түсіндірме ұсынымдық сипатта болатынына назарларыңызды аударамыз.
Қосымша хабарлаймыз, барлық құқықтық сұрақтар бойынша Сіз ҚР ӘМ Құқықтық ақпараттық қызметіне қоңырау шалып, тегін кеңес келесі телефондар бойынша ала алатыныңызды хабарлаймыз: 119 – (ұялы байланыс операторларын қоспағанда, бүкіл Қазақстанның стационарлық телефондары үшін, 58- 00-58 – Астана, Алматы қалалары үшін тегін, 871725880058 (байланыс операторларының тарифі бойынша ұялы құрылғылардан теру).