Экономика және қаржы басқармасы

You are here

Басқарма өз құзыреті шегінде келесі іске асыру қызметтерін жүзеге асырады:

  • бухгалтерлік есеп пен есептілікті ұйымдастырады;
  • кәсіпорынның экономикалық және әлеуметтік қызметін жоспарлайды;
  • кәсіпорын мен оның құрылымдық бөлімшелерінің қаржы-шаруашылық қызметіне экономикалық талдау жүргізеді.

Басқарма құрамына Бухгалтерлік есеп пен есептілік бөлімі және Жоспарлау және экономикалық талдау бөлімі кіреді.

Байланыс
Тел.: +7(7172) 57-63-97
 
 

Бас бухгалтер - басқарма басшысы - Ибраева Шолпан Заукенхажықызы
 
 
Бухгалтерлік есеп пен есептілік бөлімі
 
Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 28.02.07ж.№234 Заңын, қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарын, ҚР заңнамалық және басқа да нормативтік құқықтық кесімдерін басшылыққа алады.
 
Бөлімнің негізгі міндеттері:
  • кәсіпорынның қызметі және оның мүліктік жағдайы туралы толық және анық ақпаратты қалыптастыру;
  • ұйымның шаруашылық операцияларын дұрыс жүзеге асыру мақсатында кәсіпорын басшысын ақпаратпен қамтамасыз ету;
  • мүлік және міндеттемелердің болуы және қозғалысының есебін қамтамасыз ету, бекітілген норма, норматив және сметаларға сәйкес материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын қолдану;
  • кәсіпорын шаруашылық қызметінің жағымсыз нәтижелерінің алдын алу және оның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудің ішкі шаруашылық резервтерін айқындау болып табылады.
 
Бөлімнің негізгі қызметтері:
  • олардың жаппай, үздіксіз, құжаттық және өзара байланысты бейнесі жолымен ақшалай көрінісіндегі заттай өлшемдер негізінде мүлікті, міндеттемелерді және шаруашылық операциялардың есебін ұйымдастыру;
  • жарғылық капитал есебін, бөлінген мүлік бойынша есеп айырысуды ұйымдастыру;
  • ұзақ мерзімді инвестицияларды және оларды қаржыландыру көздерінің есебін ұйымдастыру;
  • негізгі қорларды, лизинг бойынша алынған мүліктің және жалға алынған негізгі қаражат амортизациясының есебін ұйымдастыру;
  • материалдық емес активтердің түсуі, жасалуы және шығарылуы есебін ұйымдастыру;
  • өндірістік қорлардың түсуі және шығарылуының синтетикалық және аналитикалық есебін ұйымдастыру;
  • зейнетақымен қамсыздандыру, жалақыдан ұстап қалу бойынша қызметкерлермен есеп айырысу есебін ұйымдастыру;
  • өнімнің өзіндік құнының есебін, калькуляция салалары бойынша өнімді өндіруге жұмсалатын қаражат есебін ұйымдастыру;
  • дайын өнімнің есебін, дайын өнім бойынша іске асыру және есептілік шығындарын ұйымдастыру;
  • заңды тұлғалардан алынатын табыс салығының (пайда салығы) есебін ұйымдастыру;
  • кәсіпорын және оның құрылымдық бөлімшелері бойынша қаржылық, салық және статистикалық есептілікті жасау, есептілікті басшыға, жоғары тұрған органдарға ұсыну болып табылады.
Жоспарлау және экономикалық талдау бөлімі
 
Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» Заңын, кәсіпорын Жарғысын, экономикалық қызмет дамуының бағыттарын айқындайтын ҚР заңнамалық және басқа да нормативтік құқықтық кесімдерін басшылыққа алады.
 
Бөлімнің негізгі міндеттері:
  • кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің көрсеткіштері бойынша басшыны ақпаратпен қамтамасыз ету;
  • бекітілген нормалар, нормативтерге сәйкес, кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің жоспарын әзірлеу;
  • материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын оңтайлы қолдана отырып, жоғары түпкі нәтижелерге жету;
  • кәсіпорын қызметі және оның мүліктік жағдайы жөнінде жоғары тұрған органдарға толық және болжамдық ақпаратты ұсыну;
  • кәсіпорын шаруашылық қызметінің теріс нәтижелерінің алдын алу және оның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудің ішкі шаруашылық резервтерін айқындау;
Бөлімнің негізгі қызметтері:
  • кәсіпорынның экономикалық қызметін ұйымдастыру және жетілдіру;
  • кәсіпорын қызметінің экономикалық көрсеткіштерін жоспарлау, олардың негіздемесінің жоғары деңгейіне жету;
  • тауар-материалдық құндылықтардың шығыс нормаларын жоспарлауды жақсарту бойынша жұмыстарды жүргізу;
  • олардың негізіне салынған қажетті негіздемелері және есебімен жоспарларды әзірлеу;
  • тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу;
  • шаруашылық шарттарды, мемлекеттік сатып алу шарттарын тіркеу;
  • кәсіпорын және оның құрылымдық бөлімшелерінің қаржы-шаруашылық қызметінің кешендік талдауын және нәтижелерін бағалауды өткізу;
  • кәсіпорынның барлық шаруашылық қызмет учаскелеріндегі материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын үнемдеудің тәртібін қатаң сақтауды қамтамасыз ету;
  • кәсіпорын және оның құрылымдық бөлімшелерінің экономикалық қызметінің нәтижелері жөнінде есептілікті құрастыру, есептілікті басшыға, жоғары тұрған органдарға ұсыну болып табылады.