"Zan" Деректер базасы туралы

You are here

   Жоба туралы

Біздің еліміздің әрбір азаматы өкілеттіктерді жүзеге асыру үшін тиісті құқық нормаларында көрсетілген және бекітілген оның құқықтары мен міндеттерін білуі керек. Әлеуметтік мәртебесіне қарамастан кез келген азамат үшін қажетті жалпы білім берудің міндетті деңгейі бар екенін атап өту маңызды.    

Құқықтық мәдениетті жоғарылату негізінен халыққа құқықтық ақпарат беруді қоса алғанда, сапалы заңдық қызмет көрсету жүйесін құрумен байланысты.

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Заңнама және құқықтық ақпарат орталығы» РМК 25 жыл ішіндегі мемлекеттің ақпараттық-құқықтық саясатының жетекшісі және Қазақстандағы алғаш «Zan» деректер базасының әзірлеушісі болып табылады.

Баршаға танымал брендпен мемлекеттік кәсіпорындар, қаржы ұйымдары, ірі компаниялар, ассоциациялар, жергілікті билік органдары, жеке кәсіпкерлер, жеке тұлғалар және т. б. Қазақстан нарығында 25 жылдан астам қолданып келеді.

Ширек ғасыр бойы бұл жоба «өміршең» және үнемі жақсарып келеді. «Zan» деректер базасының әртүрлі мүмкіндіктері мен қызметтері арқасында бүгінгі күннің шынайылығына жауап бере отырып, қажетті ақпаратты өте тез табуға болады.

«Zan» деректер базасы – бұл мемлекеттік және орыс тіліндегі құқықтық ақпараттың электронды дереккөзі, құрамында елдің барлық нормативтік құқықтық актілері,сондай-ақ негізгі заңнан бастап – Қазақстан Республикасы Конституциясы, ауыл округі әкімдерінің шешімдеріне дейін көрсетілген. Деректер базасы қолданысқа алуан түрлі анықтамалықтармен, сөздіктермен,түсіндірмелермен беріледі. «Zan» ДБ күнтізбелер, құжаттардың шаблондары мен үлгілері, түсініктеме сипатындағы хаттар, сот тәжірибесі, құқықтық консультация және тағы басқалары құрамына кіреді.Қәзіргі таңда, «Zan» ДБ стационарлы нұсқасынан басқа, интернет-кеңістікте IT -технологияларының дамуын ескере отырып, қазіргі заманғы барлық техникалық және ақпараттық талаптарға жауап беретін жаңартылған онлайн-нұсқасы бар. Мекенжайы: zan.kz.

 

Назар аударыңыз

Деректер базасындағы ақпарат тек ресми көздерден ғана орындалады, бұл нормативтік материалдардың сенімділігі мен бақылаулылығына мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ақпараттық массив күн сайын жаңартылады.

Нормативтік құқықтық актілердің мәтіндері ағымдағы редакцияда, сондай-ақ нормативтік актілердің барлық бұрынғы редакциялары мен күші жойылған құжаттардың кітапханалары; қажетті ескертулер мен пікірлермен безендірілген. Құжаттың мәтінімен жұмыс барысында, құжатпен байланысты басқа құжаттарға тікелей және мағынасы бойынша сілтемелер арқылы оңай көшуге болады. ДБ алынған мәтіндер кез келген мәтіндік редакторға аударылуы, сыртқы тасымалдағышқа сақталуы, электронды поштаға оңай импортталуы мүмкін.

 

Құжатпен жұмыс істеген кезде, мәтінді екі терезе режимінде бір уақытта мемлекеттік және орыс тілдерінде көруге болады.
Деректер базасының іздеу бағдарламалық қабаты нормативтік массивті тұтас алғанда және оның бөлек бөлімдерінде шарлауға мүмкіндік береді.
 

Деректер базасы жабдықталған:
  • Сот практикасы және Кедендік одақ заңнамасы бөлімдерінен;
  • Орысша-қазақша сөздікпен;
  • Заң терминдерінің энциклопедиялық сөздігімен;
  • Нақты НҚА терминге сілтемесі бар мемлекеттік және орыс тіліндегі заң терминдерінің түсіндірмелі сөздігімен;
  • Түсініктеме сипаттағы хаттар, ұсыныстар, құжаттардың шаблондары мен үлгілері және т. б. тіркелмеген құжаттармен;
  • Тақырыптық іздеумен;
  • «Құқықтық кеңес» бөлімі;
  • сонымен қатар, «Баспа басылымдары" және «Вебинарлар" бөлімдерінде заң ғылымдарының жетекші қайраткерлерінен алынған өзекті ақпарат орналастырылған.
 
Жоғарыда келтірілген мүмкіндіктерге қосымша, «Заң» деректер базасының жаңа онлайн нұсқасында әлемнің барлық тілдерінде құжат мәтіні орнатылған аудармашы арқылы, сондай-ақ қазақ тілін латын графикасы арқылы көруге болады.
Құжаттың мәтінімен жұмыс істей отырып Сіз:
  • кез келген абзацқа пікір немесе белгі қоя аласыз;
  • белгілі бір тармаққа сілтемелері бар құжаттар тізімін көре аласыз;
  • құжаттың барлық өзгерістері туралы хабардар болу үшін, таңдаулыларға сақтай аласыз;
  • құжаттың мәтінін тыңдай аласыз.
Деректер базасы НҚА сараптамасы, форум және онлайн-кеңесшімен жабдықталған.
Құжаттарды іздеудің кең мүмкіндіктері қызықты ақпаратты дереу табуға мүмкіндік береді.
 

Өз банкінің негізін қалаған Натан Ротшильд айтқандай: «Ақпаратты кім иеленсе, ол әлемге иелік етеді». «Zan» деректер базасы Сіз үшін құқық саласындағы негізгі анықтамалық кітап болатынына сенеміз.
Техникалық қолдау компаниясының енші ұйымдарымен бүкіл Қазақстан бойынша ұсынылады, Астана қ. қолдау қызметінің телефоны: 8 (7172) 57-48-30, жұмыс уақыты: 09.00 - 18.30 (Астана қ. уақыты бойынша), демалыс күндері: сенбі, жексенбі.

  ЖОБАНЫҢ ПАСПОРТЫ

Ақпараттық жүйенің атауы: «Zan» деректер базасы;

АЖ операторы: Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 010000, Астана қ., Жеңіс даңғылы, 15А , E-mail: info@zqai.kz

Пайдалануға енгізген күні:
1995 жыл

   «Zan» ДБ-ның техникалық мүмкіндіктері