Ата Заңға – 30 жыл: Әділетті Қазақстан жолы

You are here

   

  

  

  

  

  

  

  

  

 

Ата Заңның 30 жылдығына орай ИЗПИ «Конституциялық өзгерістер. Заң және тәртіп» атты халықаралық конференция ұйымдастырды. Форум билік өкілдері, ғылыми қауым және халықаралық сарапшылар арасындағы ашық диалог алаңына айналды.
 
Құттықтау сөздерімен ҚР Президентінің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаев, Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев, Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиев, Жоғары сот кеңесінің төрағасы Дмитрий Малахов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік төрағасы Асхат Жұмағали, Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элиманов, Мәжіліс депутаттары мен басқа да ірі мемлекет және қоғам қайраткерлері сөз сөйледі.
 
Өзбекстандық ғалым М.А. Тиллабаев мазмұнды баяндама жасап, Германия мен Италияның сарапшылары өз ойларымен бөлісті.
 
Әділет, Заң және Тәртіп – еліміздегі конституциялық реформаны жүзеге асырудың негізгі бағдары екені атап өтілді.