12 сәуір – Ғылым қызметкерлері күнін атап өту аясында Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты басшылығының бастамасымен а.ж. 11 сәуірде «Брейн-ринг» интеллектілік ойыны бойынша сайыс өткізілді.
Сайысты Лингвистика орталығының басшысы Н. Примашев жүргізді.
Құрылымдық бөлімшелер қызметкерлерінен құралған 3 команда интеллект, тапқырлық, командалық рух бойынша сынға түсіп, өздерінің тың әлеуеттерін көрсетті. Тартысты өткен сайыста құрамында Слямова Маржан, Мухатаев Нұржан және Ахметжанов Ерик бар команда жеңіске жетті.
Жеңімпаздар дипломмен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Марапаттауды директордың орынбасары Г. Құрманәлиева жүргізді. Ол өзінің құттықтау сөзінде ойыншылардың білімдері мен ой өрістерінің кеңдігін атап өтті.
Институт басшылығына корпоративтік басқаруды жетілдіру мақсатында осындай көпшілік іс-шараларды тұрақты өткізіп тұру туралы ұсыныстар берілді.
Жаңартылған күні: 6 маусым 2024 - 16:12