30 мамырда ҚР Әділет министрлігі мен Заңнама институты «Қазақстандық және шетелдік тәжірибе аясында қазіргі әкімшілік құқықты жаңғырту жолдары» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шараға Қазақстан, Өзбекстан және Ресейдің ғалымдары, депутаттар, мемлекеттік органдар мен сот жүйесінің өкілдері қатысты.
Қатысушыларды Әділет вице-министрі Л.К. Мерсалимова мен Институт директоры И.О. Аубакирова құттықтады. Модераторлар — з.ғ.д. Е.Б. Абдрасулов пен з.ғ.к. А.Б. Ғаббасов.
Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының ғалымдары әкімшілік және әкімшілік-құқықбұзушылық заңнаманы дамыту бойынша ұсыныстарын ортаға салды. Баяндамашылар қатарында — Е.Э. Дүйсенов, Л.Т. Жанұзакова, А.А. Қараев, М.И. Жұмағұлов, А.А. Оразбаева, Т.С. Нұрышева, Е.Б. Ахметов.
Шетелдік тәжірибемен Е.Б. Абдрасулов, А.Г. Шаяхметова, профессор Б. Муминов (Өзбекстан), Мәжіліс депутаты М.С. Башимов және профессор К.В. Давыдов (Ресей) бөлісті.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша әзірленген ұсыныстар уәкілетті мемлекеттік органдарға жолданатын болады.