ҚР Конституциясының 30 жылдығына арналған Ұлттық музейдегі танымдық экскурсия

You are here

         

      

 

Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған Ұлттық іс-шаралар жоспарын іске асыру аясында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасысының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» мектеп оқушыларына арналған «Ата Заң – тәуелсіз ел тұғыры» тақырыбында Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде танымдық экскурсия ұйымдастырды.
Іс-шара барысында оқушылар Қазақстан Республикасының Конституциясының қалыптасу тарихымен, даму кезеңдерімен және маңызды реформаларымен танысты. Сонымен қатар оларға мұрағаттық материалдар мен тарихи құжаттар көрсетілді.
Экскурсия барысында жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, азаматтық жауапкершілік пен патриоттық сезімді тәрбиелеуге ерекше назар аударылды.
Бұл экскурсия Институттың ағартушылық қызметінің маңызды бөлігі ғана емес, сонымен қатар ғылыми мекемелер, білім беру ұйымдары мен мәдени орталықтардың жас ұрпақтың рухани-адамгершілік негіздерін нығайту жолындағы тиімді ынтымақтастығының жарқын үлгісі болды.