




Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетімен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Бірлескен қызметтің негізгі бағыттары:
* заңнаманы дамыту және құқықтық ақпаратты цифрландыру;
* аналитикалық материалдар мен деректермен алмасу (жеке деректерсіз);
* заң шығару қызметіне жасанды интеллектті енгізу;
* бірлескен зерттеулер, конференциялар мен жарияланымдар;
* тәжірибе алмасу және әдістемелік қолдау көрсету;
Бұл стратегиялық әріптестік құқықтық жүйені дамытуға, оның ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған.
Күтілетін нәтиже — қоғам мен мемлекет қажеттіліктеріне бейімделген заманауи және тиімді құқықтық жүйе қалыптастыру.