
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында «24KZ» телеарнасының «Күндізгі ауысым» бағдарламасында ту, елтаңба мен әнұранның қоғам өміріндегі рөліне қатысты мазмұнды талқылау өтті.
Сарапшы ретінде Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Заңнаманың тиімділігі бөлімінің басшысы Тимур Авенов қатысты.
Ол келесі тақырыптар бойынша ой бөлісті:
рәміздерге өзгерістер енгізудің құқықтық тетіктері;
олардың ресми қолданылу нормалары;
азаматтық бірегейлікті нығайту мен патриоттық тәрбиедегі рөлі.
Заңнама институты мемлекеттік құндылықтарға құрметпен қарауды қалыптастыру мен елдегі құқықтық мәдениетті дамытуға бағытталған ағартушылық бастамаларға белсенді қатысуды жалғастырады.
Жаңартылған күні: 4 маусым 2025 - 16:19