2023 жылғы 20 наурызда ҚР ЗҚАИ қызметкерлері Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттеріне бойынша екі қонақ дәріс өткізді

You are here

2023 жылғы 20 наурызда ҚР Заңнама және құқықтық ақпарат институтының қызметкерлері Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 2 курс студенттеріне Қазақстан заңнамасының новеллаларын түсіндіру бойынша екі қонақ дәріс өткізді.
Институттың жетекші ғылыми қызметкері, Ph.D. Сабиров Камал Қанатқалиұлы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2022 жылғы 5 қарашадағы Заң мысалында Қазақстан Республикасындағы заң шығару процесі туралы айтты. Студенттер әділет органдары жүйесі арқылы заң жобаларын әзірлеу және өту рәсімімен танысып, мемлекет Басшысының Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша заң жобалау жұмысын үйренді.
Институттың аға ғылыми қызметкері, з.ғ. м. Костяная Юлия Сергеевна «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» 2021 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы мысалында заң жобаларын әзірлеуде қоғам мен ғылыми қоғамдастықтың рөлін түсіндірді. Дәріс барысында студенттер «Ашық НҚА» электрондық порталының жұмысы және заң жобаларын мемлекеттік органдармен келісу және оларды азаматтармен және жұртшылық өкілдерімен талқылау тәртібі туралы түсінік алды.
Тыңдаушылар жоғары қызығушылық танытып, диалогқа белсенді қатысты. Іс-шара соңында студенттер практикадан өту және алған дағдыларын бекіту үшін ҚР Заңнама және құқықтық ақпарат институтына шақырылды.