2023 жылғы 7 ақпанда Варшава Университетінің құқық және әкімшілік факультетінің докторанттары таныстыру сапары өтті

You are here

2023 жылғы 7 ақпанда Варшава Университетінің құқық және әкімшілік факультетінің (Варшава, Польша) докторанттары P. Kalinowski және M. Tutaj-дың Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтына таныстыру сапары өтті. Таныстыру сапары барысында жас ғалымдар Институт жұмысының негізгі бағыттарымен танысты, кітапханаға, Лингвистика орталығына барды, заңнаманың тиімділігін талдау рәсімін зерделеді және Варшава Университетінде ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру тәжірибесімен бөлісті.
Кездесу қорытындысы бойынша Институт пен Варшава Университетінің құқық және әкімшілік факультеті арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қою мәселесі қаралатын болады.