Балалардың сот төрелігіне қол жеткізу саласындағы әлеуетті нығайту және жабық мекемелердегі балалардың құқықтарымен жағдайды мониторингілеу

You are here

2023 жылғы 14 ақпанда Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты директорының кеңесшісі Ж.О. Құлжабаева, ғылыми қызметкерлері «Балалардың сот төрелігіне қол жеткізу саласындағы әлеуетті нығайту және жабық мекемелердегі балалардың құқықтарымен жағдайды мониторингілеу» бағдарламасының нәтижелерін таныстыруға арналған сараптамалық кездесуге қатысты.
Бұл жобаны БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ), сондай-ақ Адам құқықтары жөніндегі уәкіл кеңсесінің қолдауымен Орталық Азиядағы Penal Reform International (Халықаралық түрме реформасы) өкілдігімен жүзеге асырылды.
Іс-шараға халықаралық ұйымдардың, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың, үкіметтік емес құқық қорғау мекемелерінің өкілдері қатысты. Қазақстандағы БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) өкілі Arthur van Diesen, Penal Reform International in Central Asia бағдарламаларының өңірлік менеджері Дмитрий Нурумов құттықтау сөз сөйледі.
Сарапшылармен балаларға қатысты сот төрелігін іске асыру және төтенше жағдай кезінде заңға қайшы келетін балалардың құқықтарын мониторингтеу саласындағы мемлекетке ұсынымдар таныстырылды. Сонымен қатар, сөз сөйлеушілер құқық қорғау органдары мен сот төрелігі мамандары, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл кеңсесінің қызметкерлері, өңірлік өкілдер және ҰААТҚ үшін одан әрі оқыту қажеттіліктеріне назар аударды.
Сараптамалық кездесудің қорытындысы бойынша пікірталас аясында қатысушылар ой алмасып, зерттеу мазмұнын жетілдіру бойынша ұсыныстар айтты.