Ақмола облысындағы "Бірлік" ведомстволық спартакиадасы бұрыннан дәстүрге айналған. Жыл сайын оған өңірдің барлық дерлік мемлекеттік органдары мен күш құрылымдарының атынан қатысатын спортшылар қатысады.
Жарыстарды дайындау мен өткізуге жалпы басшылықты Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы жүзеге асырады.
Спартакиаданы өткізудің мақсаты "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының Заңын және Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 1 қыркүйектегі "Әділ мемлекет. Біртұтас ұлт. Гүлденген қоғам" халыққа Жолдауын іске асыру шеңберінде облыстың кәсіпорындары мен ұйымдарының ұжымдарында салауатты өмір салтын қалыптастырудың және бұқаралық дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық жұмысты жақсартудың маңызды факторы ретінде дене шынықтыру мен спортты насихаттау болып табылады.
Спартакиада Көкшетау қаласында 2023 жылғы 23 сәуірден 15 маусымға дейін спорттың 12 түрі бойынша өткізіледі, оның ішінде шағын футбол, волейбол, шахмат, үстел теннисі, қазақ күресі, тоғызқұмалақ және басқалары.
Спартакиаданың екінші кезеңі аясында Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында 29 және 30 сәуірде "Бурабай" спорт сарайында шахматтан жарыстар өтті. Әділет департаменті командасының құрамына ҚР ӘМ Заңнама және құқықтық ақпарат институты" ШЖҚ РМК Ақмола облысы бойынша филиалының бас маманы Василий Владимирович Кузьмин қатысты. Жарыс Швейцария жүйесі бойынша 7 турдан өткізілді. Жарыстың бас төрешісі қазақстандық шахматшы, халықаралық гроссмейстер Серікбай Біләлұлы Темірбаев болды.
Нәтижелі күрестің арқасында Әділет департаментінің командасы 3 орынға ие болды. Жүлделі орындарға ие болған командалар мен қатысушылар грамоталармен және медальдармен марапатталды.
Ең бастысы-жеңіс емес, қатысу және жақсы физикалық жағдай! Жалпы командалық есепте жеңіске жету үшін барлық күрес әлі алда. Алдағы уақыттары "Бірлік" спартакиадасы басқа спорт түрлерімен жалғасады.