«Әділдік пен құқыққа қызмет етудің 30 жылдығы» тақырыбындағы Қазақстан Республикасы әділет органдарының 30 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция

You are here

2022 жылғы 26 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтымен бірлесіп, онлайн режимінде Қазақстан Республикасы әділет органдарының 30 жылдығына арналған «Әділеттілік пен құқыққа қызмет етудің 30 жылдығы» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді.
Конференция Қазақстандағы әділет органдарының қалыптасу тарихын, норма шығармашылығы салаларын одан әрі дамытудың үлесі мен перспективаларын, азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуді, елдегі заңдылық режимін сақтауды талқылауға арналған.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері, ғылыми қоғамдастықтың өкілдері қатысты.
Шақырылған құрметті қонақтардың арасында Қазақстан Республикасының экс-министрлері: К.А. Колпаков (101995-10.1997), Б.А. Мухамеджанов (10.1997 - 09.2000), И.И. Рогов (09.2000 - 01.2002), Г.В. Ким (01.2002 - 02.2003), О.И. Жумабеков (02.2003 - 04.2005),З.Я. Балиева (04.2005 - 04.2009), Р.Т. Тусупбеков (04.2009 - 01.2012), Б.М. Имашев (01.2012 - 09.2016), М.Б. Бекетаев (09.2016 - 01.2022); таяу шетел мемлекеттерінің әділет министрлері: Ресей Федерациясының Әділет министрі К.А. Чуйченко, Беларусь Республикасының Әділет министрі С. Н. Хоменко, Өзбекстан Республикасының Әділет министрі Р.К. Давлетов, Қырғыз Республикасының Әділет министрі А. Б. Баетов, Тәжікстан Республикасының Әділет министрі М.К. Ашуриен, халықаралық ұйымдардың, мемлекеттік органдардың, отандық ұйымдардың және Беларусь, Германия, Моңғолия, Ресей, Түркіменстаннан келген шетелдік ғылыми және білім беру ұйымдарының өкілдері.
 
 
Пленарлық отырысты Қазақстан Республикасының Әділет министрі Қ.С. Мусин ашты. Қанат Сергеевич өз сөзінде, Жаңа Қазақстанның дамуындағы министрлік қызметінің рөлі мен маңызын атап өтіп, іс-шараға шақырылған барлық қатысушыларға, әділет органдарының және ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлеріне жүктелген міндеттерін сапалы орындағаны үшін алғыс білдірді.
Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институтының директоры, з.ғ.к., Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері – Р.Қ. Сәрпеков іс-шараның модераторы болды.
Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының әріптестері: Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Заңнама және салыстырмалы құқықтану институтының директоры, Ресей ғылым академиясы президентінің орынбасары, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген заңгері, Ресей Федерациясы мен Татарстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері, з.ғ.д., профессор, РҒА академигі – Т.Я. Хабриева, Түрікменстанның Мемлекет, құқық және демократия институтының директоры – Я.М. Нұрыев, Германия Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі қоғамының (GIZ) Қазақстандағы өкілдігінің басшысы – Й. Пуделька, «Орталық Азия елдеріндегі құқықтық мемлекеттілікке жәрдемдесу» жобасының жетекшісі, құқық докторы (Германия) Й. Пуделька,.Моңғолия Ұлттық құқықтық институтының директоры, құқық докторы Хурелбаатар ЭРДЕМ-УНДРАХ, Беларусь Республикасы Ұлттық құқықтық ақпарат орталығының директоры А.Ф. Мательский, Еуразиялық экономикалық одақ сотының судьясы, з.ғ.к. В.Х. Сейтимова құттықтап сөз сөйледі.
 
 
Шақырылған шетелдік қатысушылар баяндама жасады: Беларусь Мемлекеттік университеті заң факультетінің конституциялық құқық кафедрасының меңгерушісі, Беларусь ҰҒА корреспондент-мүшесі, Беларусь Республикасының Еңбек сіңірген заңгері з.ғ.д., профессор Г.А. Василевич, Ресей Федерациясы Новосібір Мемлекеттік экономика және басқару университеті заң факультетінің деканы, з.ғ.к., доцент О.Н. Шерстобоев, Новосибирск Мемлекеттік экономика және басқару университетінің мемлекеттік сектор факультетінің деканы, з.ғ.к., доцент А. А. Макарцев, Беларусь Республикасы Заңнама және құқықтық зерттеулер ұлттық орталығының директоры, Беларусь Республикасының еңбек сіңірген заңгері В.Д. Ипатов, Ресей Федерациясы Әділет Министрлігі жанындағы Құқықтық ақпарат ғылыми орталығының директоры Ю.Н. Даценко.
Қазақстандық заң ғылымының құрметті өкілдері нормашығармашылық саласындағы өзекті тақырыптарға баяндама жасады олардың ішінде: з.ғ.д., профессор М.К. Сүлейменов, з.ғ.д., профессор Е.А. Оңғарбаев, з.ғ.д., профессор И.Ш. Борчашвили, з.ғ.д., профессор М. Ч. Коғамов, з.ғ.д., Э.А. Калиева; з.ғ.д., профессор Р.Т. Нұртаев, з.ғ.к., профессор С.И. Климкин және басқа да қатысушылар.
Пікірталас және пікір алмасу барысында конференцияға қатысушылар заң ғылымының түрлі салаларындағы теориялық және практикалық маңызы бар одан әрі өзекті мәселелерді талқылады.
Конференция қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар әзірленді, «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жаршысы» журналының арнайы шығарылымын басып шығару жоспарлануда.