Ғылыми кеңестің Институттың Құрметті профессоры атағын беру мәселесі жөніндегі отырысы

You are here

2022 жылдың 2 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты ұжымының көрнекті ғалым, Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері, Ресей Жаратылыстану ғылымдары академиясының шетелдік мүшесі, Институттың бас ғылыми қызметкері, заң ғылымдарының докторы, профессор Е.М. Абайділдиновпен оның туған күніне және құрметті демалысқа шығуына арналған кездесуі өтті.
Ербол Мусинович Абайділдиновке Институттың дамуы мен заң жобалау қызметін ғылыми қамтамасыз етуге қосқан елеулі үлесі үшін Ғылыми кеңестің шешімімен «Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институтының құрметті профессоры» атағы берілді.
Институт директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, заң ғылымдарының кандидаты Р.Қ. Сәрпеков профессор Е.М. Абайділдиновке |Институт ұжымының құттықтау хатын және құрметті профессор аттестатын салтанатты түрде табыс етті.