2023 жылғы 14 наурызда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Заң факультетінің халықаралық құқық кафедрасының барлық мүдделі тұлғалармен үш деңгейдегі білім беру бағдарламаларын –бакалавриат, магистратура және докторантураны 2023 жылғы қабылдаудың «халықаралық құқық» мамандығы бойынша талқылау кеңейтілген отырысы өтті. Кафедраның кеңейтілген отырысына ҚР Сыртқы істер министрлігінің, ҚР Заңнама және құқықтық ақпарат институтының, «Астана» халықаралық қаржы орталығының өкілдері қатысты.
Күн тәртібі бойынша ұсыныстар айтылды:
ЗҚАИ бас ғылыми қызметкері, з.ғ.д., профессор М. А. Сәрсембаев;
ЗҚАИ бас ғылыми қызметкері, з.ғ.д., профессор Е. М. Абайдельдинов;
ЗҚАИ директорының кеңесшісі, з.ғ.к., профессор Ж.О. Құлжабаева.
Іс-шараның қорытындысы тәжірибеге бағдарлану талаптарын ескере отырып, мамандарды даярлаудың өзекті бағыттары бойынша құрылымды сұхбат болды.